Page 23 -
P. 23

textbooks nis edu kz
             География пәні үшін географиялық нысанды картадан анық-
          тау маңызды. Картада географиялық нысандардың көптеген
          түрлері көрсетіледі. Кез келген тақырыптық карталардағы геог-
          рафиялық нысандарды анықтау үшін шартты белгілер арқылы
          картаны оқу керек.

          Тапсырма   Суретте берілген картаны қолдана отырып, басқа да геогра-
          фиялық нысандарды көрсет.

             Әртүрлі тақырыптық карталарда географиялық нысандар
          көптеп кездеседі. Мұндай көп ақпаратты шатастырмас үшін
          оны жүйелеп, топтастырып, кесте арқылы көрсетуге болады.
          Мысалы, Африка материгінің географиялық нысандарын қарас-
          тырайық. Табиғи нысандары: теңіздер (ішкі, сыртқы), көлдер,
          шығанақтар, түбектер, аралдар. Антропогендік нысандарына
          астаналар, ірі қалалар, канал, жолдар, СЭС және т.б. жатады.
          Мұндай деректерді топтастырып, кесте түрінде берсе жүйелі
          болады.
             Кестеде мемлекеттер мен олардың астаналары, география-
          лық координатасына қатысты деректер берілген.



          Мемлекет            Астанасы            Географиялық        Координатасы
                                                  орны
                                                                      ендік               бойлық

          Канада              Оттава              Солтүстік Аме-      45° с.е.            75° б.б.
                                                  рика
          Эквадор             Кито                Оңтүстік Америка 0°13′ о.е.             78° б.б.

          Моңғолия            Улан-Батор          Еуразия             47° с. е.           106° ш.б.

          Нигерия             Абуджа              Африка              9° с. е.            7° ш.б.
          Аустралия одағы     Канберра            Аустралия           35° о.е.            149° ш.б.


             Кестені толтыру үшін, географиялық карта немесе әртүрлі ақ-
          парат көздерінен алынған мәліметтер қолданылады. География-
          лық нысандарды кестеде көрсетудің ерекшелігі: барлық ақпарат

          жинақы, жүйеленген, топтастырылған түрде беріледі. Өзімізге
          қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі жоғары болады.

          Тапсырма   Кестеде берілген мемлекеттер мен олардың астаналарын дү-
          ниежүзінің саяси картасынан анықта.


           Сенің кезегің
           1.  Географиялық деректер базасы дегеніміз не?
           2.  Географиялық нысандарды топтастыру артықшылығын түсіндір.



                                                                                                         23
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28