Page 17 -
P. 17
textbooks nis edu kz
2-сурет. Оңтүстік Американың гипсометриялық қимасын сызу үлгісі
Кесте – мәтінді жүйелі көрсетудің бір әдісі. Қазіргі кезде қолданбалы МS Excel кестелік
бағдарламасын пайдалану өте ыңғайлы. Бұл деректерді енгізу, есептеу және өңдеуден
тұрады. Қажетті диаграммалар құрастыру үшін де қолайлы.
? 1. 1-суреттегі картада берілген кестедегі деректерді тік бағанды диаграмма түрінде көрсет.
2. Кестедегі аталған тау шыңдарын картадан анықта.
3. Кестеге тағы қандай баған қосар едің?
Фотосуреттер тақырыпты жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді (мысалы, жер бедерінің,
жануарлардың, өсімдіктердің суреттері көрсетіледі).
Диаграммалар географияның әртүрлі тақырыбына байланысты алуан түрлі болады.
Олар: дөңгелек, гистограмма немесе тік бағанды, нүктелік, таспалы, сызықтық диаграмма
және т.б.
Сенің кезегің
Өз таңдауың бойынша кез келген материкке арналған тақырыптық карта құрастыр.
Жұмыстың орындалу алгоритмі: 1) материктің картасы; 2) материктің көрікті жерлерінің фо-
тосуреті; 3) белгілі бір меридиан немесе паралелль бағытымен гипсометриялық кескін сызу;
4) кестеге ірі географиялық нысанды енгізу (мысалы, тау, көл, өзендер т.б.); 5) материктердің аумағына
қатысты диаграмма сызу. Осы аталған тапсырмаларды орындап, алынған деректерді таңдаған материк
картасының жан-жағына орналастыру керек.
Шығармашылық тапсырма Дүниежүзінің физикалық картасын қолданып, белгілі бір материктің меридиан
немесе параллель бойымен жер бедерінің гипсометриялық қимасын сыз.
17

