Page 19 -
P. 19
textbooks nis edu kz
Сағаттық белдеулер картасы
Уақытты есептеу жолдары. Сен ата-анаңмен бірге жазғы демалыс
уақытын шетелде өткізуді жоспарладың дейік. Осы сапарда ұшақ арқылы
бірнеше сағат ұшуға тура келеді. Саған сол қаланың уақытын білу қажеттігі
туындайды. Оны қалай анықтар едің? Мысалы, Алматы қаласынан күндізгі
12:00-де Мәскеу қаласына ұшасың. Ұшуға кеткен уақыт 4 сағатты құрайды.
Мәскеу қаласына келгенде уақыттың қанша болатынын есептеу үшін әр
қаладағы сағаттық белдеуді білуге тиіспіз. Алматыда сағаттық белдеу +5
болса, Мәскеуде +2. Уақытты есептеу жолы: (+5) – (+2) = 3. Сен сағат 12:00-
де ұштың. Яғни, 12 – 3 = 9. 9 + 4 (ұшуға кеткен уақыт) = 13 cағат. Мәскеуге
сендер ұшып келгенде сағат 13:00 болады. Бұл сенің шығыстан батысқа
ұшқандағы мысалың. Енді батыстан шығысқа қарай ұшқанда қалай болады?
Мәскеу қаласынан Норильск қаласына қарай ұшу керек. Мәскеуден сағат
12:00-де ұштың. Ұшып баруға кететін уақыт 5 сағатты құрайды. Норильс-
кідегі уақытты анықтау керек. Мәскеудің уақыт белдеуі +2, ал Норильскі-
нікі +6. Уақытты есептеу жолы: (+6) – (+2) = 4. 12 (ұшу уақыты) + 4 = 16.
16 + 5 (ұшуға кеткен уақыт) = 21. Норильскіде сағат 21:00 болады.
Сенің кезегің
1. Лос-Анджелес қаласынан 2 желтоқсанда шығып, 10 тәулік жүзген кеме Токио қаласына қай күні ке-
леді?
2. Материктерде сағаттық белдеулер неліктен бірдей емес екенін ойланып көр.
3. Қазақстанда Жаңа Жыл мейрамын неше рет тойлауға болады?
4. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын досыңа қай уақытта телефон шалғаның қолайлы? Себебін
түсіндір.
5. Даталардың ауысу сызығы жанында тұратын адамдар қандай қиындықтарға кездесетінін түсіндір.
19

