Page 21 -
P. 21
textbooks nis edu kz
Біріншіден, номенклатуралық ны-
санды көрсету үшін ареалдық әдіс қол-
данылады. Картада кездесетін аумақтық
нысандарды сол аумақтың шегарасын
қамту арқылы көрсету керек. Әдетте
мұндай нысандардың қатарына көлдер,
ормандар, жазықтар, климат белдеуле-
рі, табиғат зоналары, мемлекеттердің
шегаралары және т.б. жатады.
Екіншіден, нысанды көрсету кезінде
нүктелік әдіс қолданылады. Картадағы
нүктелік нысандарды көрсеткіш таяқ-
шамен нүктені басып көрсетеді. Олар:
ірі қалалар, таулардың биік шыңдары
және т.б.
3-сурет. Кескін карта
Үшіншіден, географиялық нысанды
көрсету үшін сызықтық әдіс қолданы-
лады. Сызықтық нысандарды (өзендер, автомобиль жолдары, темір жол, соқпақ жол) сол сы-
зықтың үстін бастырып жүргізу арқылы көрсетеді. Өзендерді ағыс бағытына қарай бастауынан
құяр сағасына дейін көрсету керек.
? 1. 2-суреттегі картадағы басқа да географиялық нысандарды көрсету әдісіне сипаттама бер және оны
қалай көрсетер едің? Мысалы: Балқаш көлі, Ертіс өзені, Нұр-Сұлтан қаласы және т.б.
2. Географиялық номенклатураларды кескін картада белгілеу жолдары қандай?
Кескін карта – бұл шартты белгілер арқылы кез келген географиялық нысандарды,
құбылыстарды, үдерістерді, оқиғаларды көрсететін географиялық картаның ерекше түрі.
Бұл картамен жұмыс жасау шығармашылықты, нақтылықты және ұқыптылықты талап ете-
ді. Кескін картамен жұмыс жасау кезінде түрлі түсті қарындаштарды пайдаланған дұрыс.
Фломастерлерді, маркерлерді қолдануға болмайды.
Кескін картаны безендіру
1. Географиялық нысандардың атауын жазу үшін жай қарындашты пайдалану керек.
2. Міндетті түрде бір стильді қаріпті (баспа немесе жазба әріптерді) қолдану қажет.
3. Барлық географиялық атаулар бас әріптен басталады және қатесіз жазылады.
4. Шартты белгілер әртүрлі түспен картада көрсетілген түстермен сәйкестендіріліп
түсіріледі.
Тапсырма 3-суреттегі кескін картаны безендіру және жақсарту жолдарын сипатта.
Сенің кезегің
1. Географиялық номенклатураларды білу не үшін қажет?
2. Географтың өзі атаған нысандарды көрсете алуы қаншалықты маңызды?
3. Дүниежүзінің физикалық картасынан 10 биік тауды көрсет, атау ын және биік нүктесін ата.
4. Картадан географиялық нысанды көрсету әдістеріне талдау жаса.
5. Географиялық номенклатураларды меңгерудегі кескін картаның рөліне баға бер.
21

