Page 18 -
P. 18
textbooks nis edu kz
2.2 Әр жерде неліктен уақыт әркелкі?
Бүкіл әлемде барлық адамдар белгілі уақыт бойынша
өмір сүреді және жұмыс істейді. Уақытты анықтау үшін са- Сен:
ғат пайдаланады. Бірақ уақытты есептеу қарапайым мәселе сағаттық белдеулер картасын
қолдана отырып, уақытты
емес. Мысалы, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласы мен Арген- есептеуді үйренетін боласың.
тинаның астанасы Буэнос-Айрес арасындағы уақыт әркелкі.
? Лос-Анджелес пен Буэнос-Айрес уақытының әркелкі болуы неге
байланысты?
Жердің өзі 360°-тан тұратын шар тәріздес. Жер өз осінен
24 сағатта толық айналып шығады. 360°-ты 24 сағатқа бөл-
генде 15° шығады. Әр сағаттық белдеу 15°-тан тұрады. Бір
сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп
атайды. Уақыт санау нөлінші Гринвич меридианынан бас-
талады. Сондықтан ол GMT (Greenwich Meridian Time) деген
атауға ие. Ол Лондон қаласы арқылы өтеді. Халықаралық
келісім бойынша дүниежүзінің көп елінде бастапқы мери-
диан есебінде ескі Гринвич обсерваториясы меридианының
шеңбері арқылы өтетін меридиан қабылданған.
Белдеулік уақыттан басқа солтүстік полюстен оңтүстік по-
люске дейінгі аралықта бірдей болатын уақытты жергілікті
уақыт деп атайды.
Дата ауысу сызығы. Адамдар тәулікті ажырату үшін Смартфон арқылы әр жердегі
халықаралық келісім бойынша даталардың ауысу сызығы уақытты қарауға болады
тағайындалды. Дата ауысу сызығы Тынық мұхит арқылы ша-
мамен 180° меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік
полюске дейінгі аралықта жүргізілген. Дәл осы дата ауысу
сызығынан батысқа қарай жаңа күнтізбелік күн немесе жаңа
күн басталады. Мысалы, Токио қаласында дүйсенбі бастал-
са, ал Лос-Анджелес қаласында әлі жексенбі күні болады.
Егер Токиодан Лос-Анджелес қаласына қарай сапар шегіп,
дата сызығын кесіп өтсең, онда кешегі күнге тап боласың.
Сол сияқты, керісінше Лос-Анджелестен Токиоға барсаң, Лос-Анджелес
жексенбіден бірден дүйсенбіге келесің. Токио Экватор
? 1. Сағаттық белдеу санын қалай анықтайды?
2. Белдеулік уақытты енгізу адамға қандай қолайлылық берді?
3. Даталардың ауысу сызығында орналасқан тұрғындар қандай
қолайсыздықтарға тап болады? Сидней
Дата ауысу сызығы
18

