Page 95 -
P. 95

textbooks nis edu kz
          3.5.2 Географиялық қабықтың заңдылықтары



             Бұл сабақта географиялық қабықтың даму заңдылық-
          тарын: зат және энергия айналымы, тұтастық, ырғақтылық,              Сен:
          зоналылықты қарастырамыз.                                            ✔	 географиялық қабық
             Географиялық қабықтағы маңызды заңдылықтардың бірі –                 заңдылықтарының
                                                                                  маңызын түсінетін
          зат және энергия айналымы. Айналым тоқтаусыз жүреді
                                                                                  боласың.
          және географиялық қабықтың барлық құрамдас бөліктерін
          құрайды. Күннен келетін жылу – географиялық қабықта жү-
          ретін үдерістердің энергия көзі және қозғаушы күші. Геогра-
          фиялық қабықтың барлық құрамбөліктерін қамтумен қатар
          басқа айналым түрлерінің жүруіне қозғаушы күш болып
          табылады.

          Тапсырма   1-суреттегі берілген географиялық қабықтағы энергия ай-
          налымының маңызын түсіндір.

             Географиялық қабықтың тұтастығы. Бұл – география-
          лық қабық құрамбөліктерінің бір-бірімен өзара байланысы.
                                                                                1-сурет. Энергия айналымы
          Мысалы, тау жыныстарының, судың, ауаның, топырақтың,
          өсімдіктер мен жануарлардың бір-бірімен тығыз байланысуы
          нәтижесінде табиғи тепе-теңдік сақталады. Географиялық құ-
          рамбөліктің біреуінің өзгеруі барлығына әсер етеді. Ол үнемі
          зат пен энергия алмасудан тұрады. Географиялық қабықтың
          тұтастығына су айналымы жүйесі мысал бола алады.
             Биологиялық айналым. Биологиялық айналым фото-
          синтезден басталатын күрделі үдерістердің тізбегінен тұра-
          ды. Микроағзалар жануар және өсімдік қалдықтарын ыды-
          ратып, шіріту арқылы минералды заттарға айналдырады.
          Бұл үдерісті жылу тездетеді. Ал түзілген минералды заттар
          топырақтағы сумен бірге бойына сіңіріледі. Сонымен жылу
          мен ылғалдың, органикалық және минералды заттардың                       2-сурет. Биологиялық
                                                                                         айналым
          қатысуымен жүретін биологиялық айналым үздіксіз сипат
          алады.
             Жер қыртысындағы зат айналымы. Ол тау жыныста-
          рының магма арқылы шығуынан басталады. Сыртқа шыққан

          магма қатады. Бірақ сыртқы күштер (жел, су, Күн) оны бұза-
          ды. Жел және су бұзылған жыныстарды басқа аймақтарға
          тасымалдап, шөгінді жыныстарды құрайды. Тау жыныстары
          қысымның, температураның әсерінен өзінің бастапқы қа-
          сиетін өзгертіп, метаморфты тау жыныстарын қалыптасты-
          рады. Жердің терең қойнауындағы жыныстар қайта балқып,
          кристалданып, магма арқылы тағы да сыртқа шығады. Бұл
          үдеріс осылай үнемі қайталанып тұрады.                                  3-сурет. Зат айналымы



                                                                                                         95
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100