Page 93 -
P. 93

textbooks nis edu kz
           3.5.1   Табиғи-аумақтық кешендер. Географиялық

          қабықтың құрамы мен құрылысы




             Есімізге түсірейік!
             Географиялық қабық дегеніміз – Жер шарының біртұтас                Бұл тарауда:
          қабығы. Оның құрамына атмосфераның төменгі қабаты,                    ✔	 географиялық қабықтың
          литосфераның жоғары қабаты, гидросфера мен биосфера                     құрамы мен құрылысын
          кіреді. Олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады                  графикалық түрде
                                                                                  көрсетіп, түсіндіре
          және үнемі зат әрі энергия алмасуы жүреді. Географиялық
                                                                                  алатын боласың.
          қабықтың қалыптасуы 3 кезеңнен тұрады.

          1-кезең. Бейорганикалық           2-кезең. Органикалық            3-кезең. Антропогендік
          Жер бетінде тіршілік пайда       Биосфераның қалыптасуы мен       Адамзаттың пайда болуынан
          болмастан бұрын, литосфера мен  қарқынды дамуы. Тіршіліктің       кейінгі географиялық қабықтың
          алғашқы мұхиттың қалыптаса       барлық түрлерінің Жер шарында  дамуы. Адамзаттың іс-әрекетінен
          бастаған кезеңі.                 таралуы.                         өзгерген географиялық қабықты
                                                                            географиялық орта деп атайды.


             Географиялық қабық бір-бірімен тығыз байланысады.
          Географиялық қабықтағы үдерістің жүруіне Күн энергиясы
          тікелей әсер етеді. Берілген суреттен географиялық қабық-
          тың байланысын көруге болады.



































                                      1-сурет. Географиялық қабықтың байланысы



                                                                                                         93
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98