Page 92 -
P. 92

textbooks nis edu kz
                Ақсу-Жабағылы қорығында барыс тіршілік етеді. Барыс
            жер бетінде жойылу қаупі бар жануарлар санатына жата-
            ды. Ол Тибет, Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Сауыр,
            Тарбағатай, Алтай тауларындағы 1200–6000 м биіктікте
            мекендейді. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың ор-
            манды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс 12 елде тарал-
            ған, соңғы есептеулерге қарағанда, жер бетінде олардың
            4 мыңдай ғана дарасы қалған. Барыстың Қазақстандағы
            саны 180–200. Жануардың азаюына антропогендік фактор,
                                                                                             Барыс
            қаскерлік, жабайы тұяқтылар санының кемуінен қоректік
            қордың тапшылығы себеп болған. Ақсу-Жабағылы, Алматы,
            Марқакөл, Батыс Алтай қорықтарында, Сайрам-Өгем, Іле
            Алатауы, Қатонқарағай ұлттық саябақтарында және бірқа-
            тар қорықшаларда қорғалады. 1996 жылы барыс «Қызыл
            кітапқа» І санатты жойылу қаупі бар жануарлар қатарына
            енгізілген. Барысты атуға тыйым салынған.
                Ақсу-Жабағылы қорығында флора түрлерінен шамамен
            мүктің 60, саңырауқұлақтың 250-ден астам, жоғары саты-
            дағы өсімдіктердің 1400 түрі қорғалады. Кауфман қызғал-
            дағы – қызғалдақ туысына жататын көпжылдық  өсімдік.                      Кауфман қызғалдағы
            Қазақстанда Қаратаудың, Талас Алатауының, Өгем жотасы
            мен Қоржынтаудың тастақты жерлерінде, тауалды аймақтан
            субальпі белдеулеріндегі тау жылғаларының жағалаула-
            рында өседі. Наурыздың соңынан маусымға дейін гүлдейді.
            Кауфман қызғалдағы – сәндік өсімдік, әсіресе, селекцияда
            көп пайдаланылады, тың даланы жырту, ірі қараны қайта-
            лап жаю салдарынан азаю қаупі бар. 200-ден астам түрі
            кездеседі. Кауфман қызғалдағының жылдан-жылға таралу
            аймағының азаюына байланысты сирек кездесетіндіктен
                                                                                           Марқакөл
            қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.


              Сенің кезегің
              1.  Жер бетіндегі фауна мен флораның жойылып кетуінің қандай қауіптері бар?
              2.  Ерекше қорғалатын аумақтардың  мақсаты қандай?
              3.  Ерекше қорғалатын аумақтар өзара қалай ерекшеленеді?

              4.  «Қызыл кітаптың» маңызы қандай?
              5.  Жануарларды қорғау қажеттілігін барыс мысалында дәлелдеу.

              Мен зерттеушімін
                  Берілген сұрақтарды қолданып, зерттеу жүргіз.
                  - Өз өлкеңнің өсімдіктерінің алуантүрлілігі қандай?
                  - Өз өлкеңнің өсімдіктерін ата.
                  - Жойылып кету қаупі бар өсімдіктер бар ма?
                  - Кейбір өсімдіктердің жойылып кетуіне не себеп болды?




              92
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97