Page 91 -
P. 91
textbooks nis edu kz
3.4.6 Өсімдіктер мен жануарларды қорғау
Жер шарының басты байлықтарының бірі – өсімдіктер
әлемі мен жануарлар дүниесі. Оларды қалпына келе ала- Сен:
тын мүмкіндігіне байланысты ұтымды пайдалануға болады. ✔ өсімдіктер мен жануарлар
Ғылыми дерек бойынша, дүниежүзінде жануарлардың ша- дүниесін қорғау
мамен 1,5 млн, ал өсімдіктердің 350 мың түрі бар екен. Тірі қажеттілігін дәлелдеп,
ағза түрлерінің азайып кетпеуін адамзат қамтамасыз етуі қорғау жолдарын ұсынуды
білетін боласың.
керек. Сондықтан елімізде өсімдіктері мен жануарлары әр
алуан, арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар
ұйымдастырылған.
Бүгінгі таңда Жер шарының 4 млн км -ден астам жері
2
ерекше қорғауға алынған. Қорықтар табиғи ландшафтың
эталоны болып саналады. Негізінен, қорықта сирек кездесе-
тін және жойылып бара жатқан, «Қызыл кітапқа» енгізілген
өсімдіктер мен жануарларды қорғау шаралары жүргізіледі.
Қорықтарда адамның кез келген шаруашылық әрекетіне
тыйым салынған, тек ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге
ғана рұқсат беріледі.
Тянь-Шань аюы
«Қызыл кітапқа» сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып
не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды
қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.
Қорықшалар – азая бастаған өсімдіктер мен жануарлар
санын қалпына келтіру және де басқа шаруашылық мақ-
саттары үшін уақытша қорғауға алынатын жерлер. Олар
кешенді, ботаникалық, аңшылық, геологиялық, ландшафтық
болып бөлінеді.
Ұлттық табиғи саябақтар – табиғатты қорғаумен қатар
оны ғылыми-ағарту, мәдени-эстетикалық бағытта да пайда-
лануды жүзеге асыратын жерлер. Бүгінгі таңда дүниежүзінде Түркістан сілеусіні
2400-ге жуық ұлттық саябақ құрылған.
Қазақстандағы ірі қорықтардың бірі – Ақсу-Жабағылы.
Атауы Ақсу және Жабағылы өзендерінің атынан құрастырыл-
ған. Жалпы ауданы – 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатауының
солтүстік-батыс шатқалы мен Өгем шатқалының көркем
биік таулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің шамамен
1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Басты
тіршілік иелері: сібір тауешкісі, елік, марал, қабан, аққұлақ,
құмай, сирек кездесетін барыс, түркістан сілеусіні, арқар,
Тянь-шань аюы, бүркіт, улы жыландар. Қорықтың мақсаты
– Батыс Тянь-Шаньдағы бірегей табиғи кешендерін, биоло-
гиялық алуантүрлілігін сақтап қалу. Арқар
91

