Page 90 -
P. 90
textbooks nis edu kz
Ағзалардың мұхиттағы тіршілікке бейімделуін кестені дәптерге сызып алып толтыр.
Тіршілік ортасы Бейімделуі Тіршілік иелері
Тереңдікке байланысты планктон
ағзалардың таралуы
нектон
Бентос
Климатқа байланысты Арктикалық белдеу
ағзалардың таралуы Қоңыржай белдеу
Тропиктік белдеу
Экваторлық белдеу
Жағалаудан
қашықтығына
байланысты
ағзалардың таралуы
Сенің кезегің
1. Мұхит тіршілігінің құрамы қандай?
2. Мұхиттағы тіршіліктің таралуына не себепші болады?
3. Мұхит байлығы қандай жағдайға байланысты қалыптасады?
4. Мұхиттағы тіршіліктің таралу ерекшеліктерін түсіндір. Ол үшін 1-суретті пайдалана отырып, бір мұхит-
тың тереңдігін график түрінде көрсет. Әр мұхит қабаттарындағы тірі ағзалардың тіршілігіне қолайлы
жағдайларды жазып шық.
5. Бентос (нектон, планктон) ағзалары қандай сыртқы белгілерге бейімделген?
6. Ендік бойынша мұхит тіршілігінің таралу ерекшеліктеріне түсініктеме бер. Талдау жаса.
Мен зерттеушімін
Мұхиттағы тереңдік зоналарына мұхит тіршілігі қалай бейімделеді? Әр тереңдік зонасына сипаттама
бере отырып, бейімделген мұхит ағзалары туралы айтып бер. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып,
мұхит ағзалары туралы таныстырылым жаса.
2-сурет. Нұр-Сұлтандағы океанариум
90

