Page 52 -
P. 52
textbooks nis edu kz
6.1 Аудан ұғымы және
оның қасиеттері
Сенің аудан туралы түсінігің бар және сен шаршының, тіктөртбұ-
рыштың, дөңгелектің аудандарын есептей аласың. Бірақ, сонда да, аудан
дегеніміз не?
Аудан — шектелген фигураға сәйкес қойылатын теріс емес сан.
Аудан ның өлшем бірлігі қабырғасының ұзындығы 1 бірлікке тең
шаршының ауданы болып табылады. Онда фигураның ауданын өлшеу
бұл фигураның ауданын осы шаршының ауданымен салыстырудан
тұрады. Нәтижесінде берілген фигураның ауданы бірлік шаршы
ауданынан, яғни ауданның өлшем бірлігі ретінде қабылданған
шаршының ауданынан, неше есе артық (немесе кіші) екендігін
көрсететін сан шығады.
Ауданның өлшем бірлігі ретінде сәйкес шаршының ауданын таңдайды.
Мемлекеттің аумағын километр квадратпен өлшейді, жер телімінің
ауданын — армен (жүздіктермен) немесе гектармен, бөлменің ауданын —
метр квадрат. Осылай, мысалы, Қазақстан Республикасының аумағы
2 724 902 км², Алматы қаласындағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар
саябағының аумағы шамамен 18 гектар, ал Астана қаласындағы MEGA
Silk Way ортасында орналасқан ғылыми — ойын-сауық Evrikum
ғажайыптар паркінің аумағы 880 м².
Фигураның аумағы кесінді ұзындығының қасиеттеріне ұқсас қасиет-
терге ие:
1-қасиет. Тең фигуралардың аудандары тең.
2-қасиет. Егер фигура бөліктерге бөлінсе, фигураның ауданы осы
бөліктердің аудандарының қосындысына тең.
6.1 Ауданның қасиеттерін қолданып, әр бірлік шаршы үшін боялған
облыстың ауданын анықта.
а) ә) б) в) г) ғ)
6.2 Үшбұрыштың орта сызығы оны үшбұрышқа және төртбұрышқа
бөледі. Олардың аудандарының қатынасын тап.
52

