Page 55 -
P. 55
textbooks nis edu kz
6.2 Тең шамалы және тең
құрамды фигуралар
6.14 Тіктөртбұрыштың ауданы қалай өзгереді, егер:
а) оның бір қабырғасын 5 есе арттырса;
ә) оның бір қабырғасын n есе кемітсе;
б) екі қабырғасын да 9 есе арттырса;
в) бір қабырғасын 3 есе арттырса, екінші қабырғасын 2 есе кемітсе;
г) бір қабырғасын k есе кемітсе, екінші қабырғасын k есе арттырса?
6.15 Қазақстан Республикасының ең үлкен туы Нұр-Сұлтан қаласындағы
мемлекеттік рәміздер алаңында желбіреп тұр. Үлкендігі бойынша
ол әлемде төртінші орында. Тутұғырдың биіктігі 111 м, ал тудың
ауданы 450 м . Егер ту ұзындығының еніне қатынасы 2:1 болса, ту-
2
дың өлшемдері қандай?
6.16 Шаршының ауданы қалай өзгереді, егер оның қабырғасын:
а) 6 есе арттырса; ә) m есе кемітсе?
B
6.17 Шаршы аудандарының қатынасы 7-ге тең. Осы шаршылар үшін:
а) қабырғаларының; ә) диагональдарының;
б) периметрлерінің қатынасын тап. Q R
6.18 С бұрышы тік болатын АВС тікбұрышты үшбұрышқа CPQR шаршысы A P C
іштей сызылған. АС және ВС катеттері сәйкесінше 50 және 75
см-ге тең.
1. ВАС бұрышының тангенсін тап және ВАС және BQR бұрыштарының
тангенстері неге өзара тең екенін түсіндір.
2. Осыдан немесе басқа тәсілмен CPQR шаршысының қабырғасын тап.
жатыр.
3. Шаршының ауданын тап. Q
6.19 PQRS шаршының төбелері ABCD шаршысының қабырғаларында A B
R
P
1. Пайда болған үшбұрыштар тең екендігін дәлелде.
2. PQRS шаршысының ауданын тап, егер АР = а, BR = b. D S C
55

