Page 57 -
P. 57
2nis edu kz
6.24 АВСD параллелограмның АВ қабырғасы ВС қабырғасынан екі есе ұзын.
К нүктесі — АВС бұрышының биссектрисасының АD қабырғасының B C
жалғасымен қиылысу нүктесі. Берілген параллелограмм және АВК
ұшбұрышы тең құрамды екенін дәлелде.
6.25 Катеттері а және b болатын тікбұрышты үшбұрыш пен диагональда-
ры а және b болатын ромб бар. Бұл фигуралар тең құрамды екендігін A D K
көрсет.
6.26 Табандары АD және ВС болатын АВСD трапециясы теңбүйірлі. ВD
диагоналіне параллель түзу С төбесі арқылы өтеді және АD түзуін
Е нүктесінде қиып өтеді. АВСD трапециясы және АСЕ үшбұрышы
тең құрамды бола ма?
6.27 Суретте үш шаршы бейнеленген, олардың қабырғалары тізбектес
бүтін сандар болып табылады. Боялған бөліктің ауданы 45 бірлік .
2
Үлкен шаршының ауданы қандай?
textbooks
6.28 Суретте қыры а болатын текше және оның жазбасы бейнеленген.
а) Неге текше бетінің ауданын S = 6 a формуласы арқылы табуға
болатынын түсіндір. a
ә) Егер текше бетінің ауданы 18 см болса, текшенің қырын тап.
2
б) Егер текшенің қырын 2 есе арттырса; 5 есе кемітсе, оның бетінің
ауданы қалай өзгереді?
в) Суреттегі фигура екі текшеден тұрады. Кіші текшенің қыры 1 см-ге
тең, үлкен текшенің қыры — 3 см. Осы фигураның бетінің ауданы
қандай? (Халықаралық «Кенгуру» байқауының тапсырмасы, 2006 ж.,
7–8-сыныптар.)
Олимпиадаларға дайындалайық
1. Тіктөртбұрыш тік және көлденең төрт тіктөртбұрышқа кесілген. Қа-
рама-қарсы төртбұрыштардың аудандарының көбейтіндісі тең екенін 15 25
дәлелде.
2. Тіктөртбұрыш екі тік және екі көлденең кесінді арқылы тоғыз тік- 14 21
төртбұрышқа бөлінген. Пайда болған тіктөртбұрыштардың кейбір
бөліктерінің аудандары суретте көрсетілген. А әрпімен көрсетілген 8 А
тіктөртбұрыштың ауданын тап.
57

