Page 60 -
P. 60

textbooks nis edu kz
                                                             а)   Көпжақтарды қарастыр және олардың атаула-
                                                                ры мен бейнелерін сәйкестіруге тырысып көр:
                                                                тікбұрышты параллелепипед — … , қиық пи-
                                                                рамида — … , алтыбұрышты призма — … ,
                                     S     S          c         үшбұрышты призмалар — … .
              c                       2     3                ә)   Текшенің беті алты шаршыдан тұрады. Қалған
                                                                көпжақтардың беттері болатын көпбұрыштарды
                         b
                   a                 S 1  b                     ата. Бұл көпбұрыштарды көпжақтың жағы деп,
                                     a                          ал олардың қабырғаларын көпжақтың қыры деп
                                                                атайды.


                                           б)   Көпжақтың бетінің ауданы оның барлық жақтарының ауданда-
                                              рының қосындысына тең. Көпжақтың бетінің ауданын табу үшін
                                              оның жазбасын қолданған ыңғайлы. Өлшеулері (ұзындығы, ені
                                              және биіктігі) a, b және c болатын тікбұрышты параллелепипед
                                              берілсін. Параллелепипедтің бетінің ауданы S = 2(ab + ac + bc)
                                              формуласымен есептелетінін көрсет.
                                           в)   Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері тізбектес натурал
                                              сандар болып табылады. Егер бетінің ауданы 214 см  болса,
                                                                                                        2
                                              өлшемдердің ең кішісін тап.
                                           г)   Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері тізбектес натурал
                                              сандар болып табылады. Егер бетінің ауданы 214 см  болса,
                                                                                                        2
                                              өлшемдердің ең кішісін тап.

                                      6.34    Бетінің ауданы S, пішіні тікбұрышты параллелепипед болатын бір
                                             кесек сабынды пішіндері параллелепипед болатын 8 кесекке бөлді.
                                             Барлық кесектердің беттерінің аудандарының қосындысы неге тең?

                                      6.35   а) Қатты қағаздан қабырғасы 10 см болатын шаршы сыз және оны
                                             суретте көрсетілгендей 7 бөлікке бөл. Шыққан үшбұрыштар мен
                                             төртбұрыштар — ойжұмбақты құрастыратын танграм. Танграмнан
                                             барлық 7 фигураны қолданып және олармен бір-бірін жаппай, әр-
                                             түрлі фигураларды құрастырады.


                                          ә)   Танграмды қолданып, сол жақтағы фигуралар тең құрамды екенін
                                             көрсет.
                                          б)   Танграмнан үшбұрыш; тіктөртбұрыш; параллелограмм құрастыруға
                                          в)  Танграмның әр бөлігінін ауданын тап.
                                             бола ма? Егер болса, онда олардың қабырғаларының ұзындықтары
                                             қандай?












            60
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65