Page 54 -
P. 54

СЕН БҰЛ САБАҚТА:             3.3.2    Су ресурстарының ластануы
           су ресурстарының                        және оларды қорғау жолдары
           ластану көздерін
           анықтап, шешу
           жолдарын ұсынасың.              Қазіргі кезде Дүниежүзі су ресурстарының ластануы
                                       адамзаттың № 1 ғаламдық мәселелерінің біріне жатады. Бұл
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                       мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластану жолдары көп түрлі,
                                       ең соңында су экожүйесінің бұзылуымен аяқталады.
           ТІРЕК СӨЗДЕР:
                                           Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
           ■   ластану
                                           •  биологиялық ластану – вирустар, бактериялар, өсімдіктер,
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           ■   экожүйе
                                             балдырлар, жануарлар, микроағзалар, саңырауқұлақтар;
                                           •  химиялық ластану – ауыл шаруашылығы тыңайтқыштары,
                                             ауыр металдар (тау-кен өндірісі, мәшинежасау), тұздар,
                                             мұнай өнімдері, пластмассалар, қатты заттар;
             Эв трофи кац и я
             (eutrophication) – артық      •  физикалық ластану – жылу, қызу (АЭС, ЖЭС, СЭС), элек-
             қоректік заттармен бай-         тромагнитті өріс, радиоактивті қосылыстар (АЭС, әскери).
             ытуға байланысты судың        Су ресурстарының сапасы, яғни ластану деңгейі үздіксіз
             сапалық сипаттамаларын    бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық
             төмендету үдерісі.
                                       қоспалар, тұздың құрамы, еріген бөлшектер температурасы
                                       әртүрлі көрсеткіште болуы мүмкін. Бүкілдүниежүзілік
                                       денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) ауызсудың 100-ден астам
                                       сапалық көрсеткіштерін ұсынған. Қазақстандағы ауызсу сапасы
                                       Мемлекеттік стандарт 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен
                                       анықталады. Су ресурстары ластануының негізгі себептері –
                                       тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу.

           ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗ
                                        №    Ластану түрлері        Сипаттамасы
           Қазақстандағы су мәселе-
           лері туралы қандай ақпа-     1.   Тұрмыстық және ауыл    Ақаба су құрамында  зиянды
           ратпен сыныптастарыңмен           шаруашылығында         бактериялар мен химиялық заттар
           бөлісе аласың?                    пайдаланылған сулар    болуы мүмкін. Патогендер су ластаушы
                                                                    ретінде белгілі.
                                        2.   Тұрмыстық қоқыстар     Тұрмыстық қоқыстар су ресурстарын
                                                                    ластайды және биологиялық
                                                                    ресурстарға қауіп төндіреді.
                                        3.   Теңіздер мен           Теңіздер мен  мұхиттарда қоқыстардың
                                             мұхиттардағы           жиналуы  үлкен проблемалар тудыруы
                                             қалдықтар              мүмкін. Өйткені бұл суда тіршілік ететін
                                                                    тірі ағзаларға зиянды  әсер етеді.
                                        4.   Өнеркәсіп              Өнеркәсіптер улы химикаттар
                                                                    мен ластаушы заттардан тұратын
                                                                    қалдықтардың көп мөлшерін  шығарады.
                                                                    Қалдықтар құрамында қорғасын, сынап,
           ►  Су ресурстарының                                      күкірт, асбест, нитраттар және басқа
              ластану көздерін                                      да зиянды химиялық заттар сияқты
              жіктеу кестесі                                        ластаушы заттар болуы мүмкін.

           54
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59