Page 238 -
P. 238
№9 зертханалық жұмыс. Денелердің соқтығысу
кезіндегі импульстің сақталу заңын зерттеу
Зертханада екі болат шардың соқтығысуы кезінде импульстың сақталу заңының орындалуын тексе-
ресің.
Құрал-жабдықтар: тұрғы, бір ұшы доға тәрізді иілген астауша, массалары әртүрлі болат шарлар,
көшіргіш қағаз, ақ қағаз, өлшеуіш таспа немесе сызғыш, электрондық таразы.
Зертте
1) Эксперименттік құрылғыны құрастыр.
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
2) Шарлардың m , m массаларын электрондық таразымен өлше. Масса-
1 2
лардың мәндерін ХБЖ-де жаз.
m = ……………… кг, m = …………… кг .
1 2
3) Тұрғыға астаушаны орналастыр. Астаушаның горизонталь бөлігінің стол
бетінен санағандағы орналасу биіктігі H=20 см болсын.
4) Биіктіктен құлап түскен шарлар ақ парақта із қалдыруы тиіс. Сол үшін Эксперименттік құрылғы
столдың үстіне алдымен ақ парақты, содан кейін ақ парақтың үстіне
көшірме қағазды төсе.
5) Массасы m (m >m ) шарды астаушаның жоғарғы ұшында ұстап тұрып, сосын жібере салғанда, шар
1 1 2
стол үстіне түсіп, ақ қағазда із қалдырады. Шардың түскен орнын 1 санымен белгіле. Шардың гори-
зонталь бағытта ұшу қашықтығын (l ) өлше.
1
6) Тәжірибені тағы екі рет қайталап, шардың түскен орындарын 2 және 3 сандарымен белгіле.
l � � + +l +l + �
l = = 1 1 ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
2
3
2
�
3
формуласымен шардың орташа l ұшу қашықтығын тап.
орт 3 орт
OPT
2 H
7) t = формуласымен 1-шардың еркін түсу уақытын есепте.
g
8) 1- шардың орташа жылдамдығын υ = l = l g формуласымен есепте.
1 t OPT 2H
9) 1-шардың импульсін p =m υ формуласымен есепте.
1 1 1
10) Астаушаның горизонталь ұшына массасы m жеңіл шарды қойып, ал массасы m ауырырақ шарды
2 1
астаушаның жоғарғы ұшында ұстап тұрып, сосын босатып жібер. υ =0; p =m υ =m ·0=0.
2 2 2 2 2
Шар астаушамен домалап келіп, бастапқыда тыныш тұрған массасы m шармен соқтығысқаннан кейін,
2
олардың екеуінің де жылдамдықтары өзгереді. Екі шардың да қағаз бетіне түскен орындарын белгілеп
ал. Тәжірибені 3 рет қайталап, 1-ші шардың L және 2-ші шардың L орташа ұшу қашықтықтарын
1 2
анықта.
L = ........... м, L = ........... м.
1 2
g g
11) Шарлардың соқтығысудан кейінгі υ' = L және υ' = L 2 жылдамдықтарын есепте.
2
1
1
2H 2H
12) 1-ші және 2- ші шарлардың соқтығысқаннан кейінгі импульстерін есепте.
p '=m υ ' = ……………….. = ............. кг·м/с.
1 1 1
p '=m υ ' = ……………….. = ............ кг·м/с.
2 2 2
13) Шарлардың әсерлескенге дейінгі және әсерлескеннен кейінгі импульстерінің қосындысын есепте.
m
p +p =………………….….. = ........... кг· .
1 2 c
m
p '+ p '= …………….……... = ........... кг· .
1 2 c
238
238

