Page 125 -
P. 125

құрылым ретінде көрінеді. Ортаңғы қабаты липидтердің (фос-
           фолипид) екі қатарынан түзілген. Липид қабатының екі жағынан
           нәруыз молекулаларынан түзілген қабат орналасады. Нәруыз
                                                                                   Нәруыз       Фосфолипид-
           молекулалары липид қабатында түрлі тереңдікте орналасады.
                                                                                   молекулалары тің екі қабаты
           Жасушаның ішіне енетін және сыртына шығарылатын заттар
               Эукариот жасушаларының басты бөлігі ядро, оның диаметрі ҰСҚА
           тасымалын реттейді. Фосфолипид қабаты арқылы полярсыз мо-
           лекулалар (жыныс гормондары, А және D дәрумендері) мен диа-             ▲ Плазмалық мембрана
           метрі кіші молекулалар (оттек, көмірқышқыл газы, несепнәр) өте
           алады. Нәруыз молекулалары жасуша ішіне және сыртына иондар,
           глюкоза, аминқышқылдарын өткізеді. Бұл үдерістер плазмалық
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           мембрананың жартылай өткізгіштік қасиетіне негізделген.                  СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
               Цитоплазмада барлық органеллалар, қосындылар (гликоген,
           пигменттер, майлар) орналасқан. Жасушала органоидтарының                Митохондрия ерекше ор-
                                                                                   ганелла. Ол тек анасынан
           арасындағы кеңістікті цитоплазманың негізгі заты - цитозоль             ұрпағына  беріледі.  Әри-
                    ЖОБАЛЫҚ Н
           алып жатады. Цитозольде өте жіңішке нәруыз жіптерінен түзілген          не, аталық жыныс жасу-
           жүйе болады. Барлық биомолекулалар цитоплазмада еріген күй-             шасында да митохондрия
           інде болады. Цитоплазмада анаэробты тыныс алу үдерісі өтеді.            болады.  Бірақ  ұрықтану
                                                                                   кезінде аналық жыныс жа-
                                                                                   сушасына аталық жыныс
           10-20 мкм аралығында болады. Ядро қабығы екі мембрана-                  жасушасындағы митохон-
           дан түзілген. Оның шұрықтары арқылы ядро мен цитоплазма                 дриялар енбейді. Қалып-
           арасында молекулалар тасымалданады. Кариоплазма ядро-                   ты емес митохондриялар
           ның сұйық шырынын түзеді. Ядрошықта рибосоманың бөлік-                  болуынан пайда болатын
           тері, рибосомалық РНҚ түзіледі. ДНҚ молекуласы мен гистон               тұқым қуалайтын аурулар
           нәруызынан түзілген хроматиндерде (хромосома) генетикалық               анасынан  балаларына
                                                                                   беріледі. Қазіргі уақытқа
           ақпарат сақталады. Қажетті нәруыздар түзілуін реттеу арқылы             200 жуық осындай ауру-
           ядро жасушаның барлық тіршілік үдерістерін бақылайды.                   лар белгілі.

           Жасушадағы органеллалар

               Митохондрия диаметрі 1 мкм, ұзындығы 7 мкм болатын,
           пішіні сопақша немесе шартәрізді органелла. Әр митохондрия-
           ның сыртында екі мембранадан тұратын қабығы бар. Ішкі мем-
           брана мен сыртқы мембрана арасында мембранааралық қуыс
           бар. Ішкі мембрананың қатпарларынан кристалар түзіледі.
                                                                                                     Ядро
           Митохондрияның ортаңғы бөлігі – матриксте сақинатәрізді
                                                                                        Рибосомалар
           ДНҚ, рибосома, фосфатты гранулалар, ферменттер болады.                  Түйіршікті
           Митохондрияда аэробты тыныс алу үдерісі барысында АТФ                   эндоплазмалық
                                                                                   тор
           молекуласы түзіледі. Энергияны көп қажет ететін бұлшық ет
                                                                                   Тегіс
           пен бауыр жасушаларында олардың саны өте жоғары болады.                 эндоплазмалық
               Хлоропласт диамтрі 3-10 мкм, ені 1 мкм болатын, фото-               тор
           синтез үдерісі жүретін органелла. Хлоропластты сыртынан екі                   Везикула
           мембрана қаптайды. Ішкі мембрана ұзын ламеллалар мен ти-                        Гольджи
           лакоидтар жиынтығынан тұратын граналар түзеді. Ламеллалар                      аппараты  Лизосома
           органеллаға бөлшектердің енуі мен шығарылуын реттейді. Күн
           сәулесін аулайтын хлорофилл молекулалары тилакоидтарда                  ▲ Эндоплазмалық тор
                                                                                     мен Гольджи аппараты

                                                                                                        125
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130