Page 140 -
P. 140

9.1  Екінші реттік жыныстық

                                                белгілер
            Өсіп келе жатқан ағза-
            да жыныстық жетілу
            кезеңі басталғанын             Жыныстық жетілу дегеніміз адамның физиологиялық тұрғы-
            қалай білуге болады?
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                       дан жетілуі. Осы кезеңде баланың денесінде, сезімдерінде, қа-
                                       рым-қатынастарында өзгерістер болады. Бұл өзгерістер жыныс
                                       гормондарының әсерінен әдетте қыздарда 8-16, ал ұлдарда 12-18
           ТІРЕК СӨЗДЕР:
                                       жас аралығында болады. Жыныстық жетілу кезеңінің басталуы
                                       мен аяқталуы әр адам ағзасының физиологиялық ерекшелік-
           ■  тестестерон
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                       теріне байланысты. Сәби дүниеге келгенде оның ұл немесе қыз
           ■  эстроген
                                       екені жыныс мүшесіне қарай белгілі болады, бұл бірінші реттік
           ■  прогестерон
                                       жыныс белгілері, ал екінші реттік жыныс белгілері жыныстық
           ■  фолликула                жетілу кезінде пайда болады. Тек қыздарға тән екінші реттік
           ■  овуляция                 жыныс белгілер: омыраудың өсуі, овуляция мен етеккір, дауыс-
                                       тың жіңішке болуы, сандардың жұмырлануы. Тек ұлдарға тән
                                       екінші реттік жыныс белгілер: сақал-мұрттың, кеудеде түктердің
           1-ТАЛҚЫЛАУ.  Балалық        шығуы, дауыстың қалыңдауы, кеуде мен иықтың дамуы, эрек-
           шақ  пен  жеткіншек  жас    ция, поллюция мен эякуляция. Кейбір белгілер екі жынысқа да
           арасында дене бітімі мен    ортақ, мысалы, қолтық асты мен қасаға түктерінің, бетке безеу
           физиологиялық тұрғыдан
           қандай айырмашылықтар       мен бөртпелердің шығуы сияқты, терінің майлануы, дене иісінің
           бар?                        өзгеруі, қарсы жынысқа деген сезімдердің өзгеруі.
                                           Жыныс гормондары – жыныс бездерінде түзіліп, ағзаның
                                       өсіп дамуын, екінші реттік жыныс белгілердің қалыптасуын
                                       қадағалайтын биологиялық белсенді заттар. Тестостерон –
                                       аталық жыныс гормоны, аталық бездерде түзіліп, ұлдарда
                                       сперматозоидтардың түзілуін ынталандырып, екінші реттік
                                       жыныстық белгілердің дамуын реттейді. Эстроген – аналық
                                       жыныс гормоны, аналық бездерінде түзіліп, қыздарда екінші
                                       реттік жыныстық белгілерінің дамуын реттеп, менструалдық
                                       циклға қатысады.
                                       1-ТАПСЫРМА. Берілген екінші реттік жыныс белгілердің кімдерге тән
                                       екендігін анықта.
                                       Сақал-мұрттың шығуы; кеудеде түктердің шығуы; бойдың өсуі; омы-
                                       раудың өсуі; қолтық астында түктердің шығуы; дауыстың жуандауы;
                                       бетке безеу мен бөртпелердің шығуы; сандардың жұмырлануы; қасаға
                                       түктерінің шығуы; поллюция, овуляция мен етеккір; кеуде мен иықтың
                                       дамуы; тердің көбеюі; қарсы жынысқа деген қызығушылық сезімдерінің
                                       пайда болуы; эрекция мен эякуляция.









                 Жыныстық жетілу   ▲

           140
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145