Page 141 -
P. 141
2-ТАПСЫРМА. Бір жасөспірімнің “Жыныстық жетілу” туралы әңгімесін
тыңдап, сұраққа жауап бер. Бұл әңгіменің авторы ұл ма, қыз ба, әлде ақпа-
рат толық берілмеген бе? Жауабыңды түсіндір.
Менструалдық цикл
Қалыпты жағдайда, аналық бездерден айына бір рет жетіл-
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
ген жұмыртқа жасушасы сыртқа шығады. Бұл үдеріс овуляция
деп аталады. Осы кезде, жатырдың ішкі шырышты қабаты эн-
дометрий, мүмкін болатын жүктілікке дайындалып ұрықтанған
жұмыртқа жасушасын қабылдап алуға қалыңдап, дайындалады.
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Егер жұмыртқа ұрықтанбаса эндометрийдің беткі эпителий
қабаты сыдырылып сыртқа шығарылады, бұл үдеріс менстру-
ация деп аталады. Менструация кезеңі әйелдердің көпшілігінде
шамамен 12 мен 50 жас аралығында орташа есеппен 28 күнде
қайталанып тұрады, ағзаның физиологиялық ерекшеліктеріне
байланысты 21-45 күн аралығында да болуы мүмкін. Жас кезде
менструалдық циклде ауытқулардың болуы қалыпты жағдай.
Менструалдық циклді гормондар реттейді. Циклдің басын-
да, менструация кезінде, гипофиз фолликул ынталандырушы
гормон (ФЫГ) және лютеиндеуші гормон (ЛГ) бөледі. Со-
нымен қатар аналық бездерден эстроген бөлініп, менструация
аяқталған кезде жатыр эндометрийінің беткі эпителий қабаты
зиготаны қабылдау үшін қалыңдайды. ЛГ-ның жоғары болу
нәтижесінде овуляция болады. Жұмыртқа жасушасы аналық
безден шықпас бұрын жетілуі керек. Жұмыртқа жасушасының
жетілуін эстроген қадағалайды. Жетілген жұмыртқа жасуша-
сын сыртынан эпителий жасушалары мен дәнекер ұлпа қаптап
тұрады, бұл құрылым фолликула деп аталады. Овуляциядан
кейін фолликуланың қалдықтары сары денешікке айналады.
Сары денешік прогестерон гормонын түзеді. Прогестерон
жатырдың қалыңдығын сақтап, эстроген түзілуін тоқтатады, со-
нымен қатар жүктілік кезінде жаңа жұмыртқа жасушаларының
жетілуін тежейді. Аналық безден эстрогеннің түзілуі төмендеп
ФЫГ мен ЛГ деңгейлері де азаяды. Егер жұмыртқа жасушасы
ұрықтанса, прогестерон деңгейі жоғары болып қалады. Егер
жүктілік болмаса, жұмыртқа жасушасымен сары денешік де-
генерацияға ұшырап, жатыр эндометрийінің беткі эпителий
қабаты сыдырылып сыртқа шығарылады.
Менструалдық цикл кезеңдері
1-кезең: менструацияның алғашқы күні менструалдық циклдің
басын білдіреді, менструация басталады. Менструация - эндомет-
рийдің беткі эпителий қабаты сыдырылып сыртқа шығарылуы,
ағзаның ерекшеліктеріне қарай 4-7 күн аралығында болады.
141

