Page 195 -
P. 195
Көрнекілеу реңі: жануарлардың қорғану үшін қарсыласына
айбат шегуі. Кеңалқымның (кобра) мойнындағы тері қалқанын
жаюы немесе ит пен мысықтардың айбат шегуі.
1-ТАПСЫРМА. Графиктен бастапқы көбелектер популяциясының
тұрақтандырушы сұрыптау нәтижесіндегі орта мәнін көресің, сонымен
1:2,1 НҰСҚА
қатар қоршаған ортаның әсерінен қозғаушы сұрыптау жүргені байқалады.
Графикті пайдаланып көбелектердің қанатындағы меланиннің қоюлануы ▲ Жасырушы реңі
қандай мәндегі белгілер екендігін анықта. Популяциядағы қара көбелек-
тердің дамуына әсер еткен факторды түсіндір.
2-ТАПСЫРМА. 1848 жылы алғаш рет қара көбелек ұсталып натуралис-
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
тердің коллекцияларына жинақталған. Ол кезде қара көбелектер өте
сирек кездескен. Кейіннен олардың саны көбейе бастаған. ХХ ғасырда
ғалымдардың генетикалық зерттеулері барысында қара түстің бастапқы
түрден мутацияланған доминантты белгі екендігін анықтаған. Энтомологтар ▲ Қорғаныш реңі
көбелектерді қоршаған ортаға жіберу арқылы зерттеулер жүргізеді. Зерттеу
нәтижесінде алынған деректер кестеде берілген.
Көбелектерді Жіберілген Аулағышта ұсталған Қара көбелектердің ақ
жіберген көбелектер көбелектер көбелектерге қатынасы
ЖОБАЛЫҚ
аумақ
ақ қара ақ қара
Ластанған 137 447 13 27 1:2,1
Ластанған 64 154 25 53
Таза 393 406 13,7 4,7 2,9:1
Деректерді пайдалана отырып көбелектердің бейімделгіштіктерін
анықта. Анықтаған бейімделгіштік көбелектердің тіршілігін сақтауда қан-
дай мүмкіндіктер беретінін түсіндір. ХХ ғасырдың 70-жылдарында ақ кө-
белектердің саны қайтадан көбейе бастаған, ал қара көбелектер саны
азайған. Неліктен деп ойлайсың?
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР ▲ Өндірістік меланизм
1. Бейімделгіштік ненің нәтижесінде қалыптасады?
2. Табиғи сұрыпталудың қандай түрлері бар?
3. Тұрақтандырушы сұрыпталуға қандай мысалдар келтіре аласың?
4. Өндірістік меланизм деген не?
5. Неліктен табиғи сұрыпталуды эволюцияның қозғаушы күші деп
атайды?
КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА. Бөлме өсімдіктерінің қоршаған ортаға бейімделу
түрлерін зерттеу арқылы бейімделгіштік түрлерін анықта және кестеге жинақта.
195

