Page 196 -
P. 196

Биология біздің өмірімізде


           Тіршілік үшін күрес түрлерін зерттеу
               Тіршілік үшін күрес – ағзалардың қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында тіршілігін
           сақтап қалу үшін күрделі қарым-қатынас жасау жолы. Тіршілік үшін күресте қоршаған
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           ортаға бейімделген ағзалар өз тіршілігін сақтап, ұрпақ жалғастырады. Ағза үшін пайдалы
           болып келетін тұқым қуалау белгілері ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

           ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС.  Өз өлкеңдегі кез келген жиі кездесетін өсімдіктерді алып, олардың тіршілігін
           сақтап қалу мақсатындағы ағзаларындағы бейімделгіштік түрлерін зертте.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           Зерттеу нысаны ретінде қоға, қамыс, қызғалдақ пен көкнәр қауашақтары сияқты өсімдіктердің алдын ала
           жиналған кеппешөптерін, жемістерін, сонымен қатар 10-15 күн бұрын отырғызылған асбұршақ, бидай,
           сұлы, маш өсімдіктерін де алуға болады. Өсімдіктердің 20-25 тұқымынан алып бір ыдысқа араластырып
           отырғыз және әр түрді жеке ыдыстарға отырғыз.  Жиі кездесетін алабота, бидайық немесе басқа да қолда
           бар кез-келген өсімдіктердің  кеппешөптерін зерттеуге ал.
           Жұмыс барысы:
           Ағзалардың көбею қарқындылығымен танысу
              Зерттеуге алынған өсімдіктердің тұқымдарын сана. Қамыс, қоға және көкнәр мен қызғалдақ қауа-
           шақтарында қанша тұқым бар екендігін анықта. Оларды өзара салыстырып  қорытынды жаса. Тіршілік
           үшін күресте қаншалықты маңызды екендігін анықта.
              Зерттеу нәтижелеріне арналған кестені толтыр.


                       Өсімдік түрі                      Тұқым саны







              Тіршілік үшін күрес
              Бір ыдыста отырғызылған әртүрлі өсімдіктер түрінің сабағының ұзындығын өлше, сабағының жуан-
           дығын, жапырағын зертте. Бір ыдыста өсіп тұрған бір түр өсімдіктеріне де зерттеу жүргіз. Бір ыдыстағы
           өсімдіктердің әлсіздері мен мықтыларын анықта. Зерттеу нәтижелерін кестеге түсір.

               Өсімдік     Сабағының   Жапырағының     Әлсіздері   Мықтылары
               түрлері     ұзындығы       жағдайы






              Қоршаған орта факторларына ағзалардың бейімделгіштігі
              Бөлме өсімдіктерінің қоршаған орта факторларына қандай бейімделгіштіктері бар екендігін зертте.
           Кактус түрлерінің, алоэнің бейімделгіштіктерін сыртқы белгілерінен қарап анықта. Оларда қандай эко-
           логиялық ортаға бейімделгіштік қалыптасқандығын анықта. Тіршілігін сақтап қалу үшін бұл бейімдел-
           гіштіктердің маңызын сипатта.








           196
   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201