Page 201 -
P. 201

Популяцияның санына әсер ететін факторлар

               Популяция санының артуына немесе кемуіне биотикалық
           (қорек, ауру, жыртқыш, бәсекелестік) және абиотикалық фак-
           торлар (температура, су басу, қысым) әсер етеді. Биотикалық
           факторлар популяцияның тығыздығына тәуелді, ал абиоти-
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           калық факторлар тығыздыққа тәуелсіз болады.
               Қорек. Қоректің мөлшері мен сапасы өте маңызды. Егер                ▲ Популяцияның
                                                                                     тығыздығы
           қорек құрамында кальций жетіспесе ұлулар көбеймейді. Ұлу-
                                                                                     артқанда көкқасқа
           лардың бақалшақтары түзілуі үшін минералдар қажет.                        шегірткелердің мінез-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
               Бәсекелестік. Өсімдіктер популяциясында даралар саны                  құлқы өзгереді. Олар
           артқан кезде қорек, су, мекен орта, жарық, минералды иондар               ұшып, басқа орындарға
           үшін бәсекелестік жүреді. Бір түрге жататын даралар көбею                 қоныс аударады.
           кезінде жұп түзу үшін бәсекелеседі.
               Жыртқыштық. Жыртқыштар жас, ауру немесе әлсіз да-
           раларды аулау арқылы құрбанының популяциясының өсуін
           шектеп отырады.
               Аурулар мен паразиттер. Тығыздығы жоғары популяция-
           ларда инфекциялар тез тарайды. Даралардың көпшілігінің
           инфекция жұқтыру мүмкіндігі жоғары болады. Басқа жерден
           таралып келген инфекцияға популяцияның иммунитеті болмаса
           даралар қырылады.
               Популяциядағы даралар саны артуы себепті ортаның ре-
           сурсы азайғанда стрестік жағдайдың қалыптасуы байқалады.
           Кейбір кемірушілердің мінез-құлықтары өзгереді. Олар аз кө-
           бейеді, көп қақтығысады. Стресс жоғары болады.
               Климат. Қалыптыдан тыс өте салқын температурада фер-
           менттер денатурацияға ұшырауы себепті бактериялардың өсуі
           тежеледі. Жарықтың ормандағы шөптесін өсімдіктерге аз түсуі
           фотосинтезді баяулатады. Жарық өсімдіктер мен жануарлардың
           көбеюіне әсер етеді.
               Улы қалдықтардың жинақталуы. Популяция тығыздығы
           артқанда тірі ағзалар бөлетін аммоний, несепнәр тәрізді қал-
           дық заттар көптеп жинақталады. Басқа түрлердің жекелеген
           дараларын өлімге ұшыратады немесе басқа популяцияның
           өсуі шектеледі.

           ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС.  Ашытқы саңырауқұлақтар популяциясының
           санын қандай факторлар шектейді?

               Ашытқы саңырауқұлақтарын қанттың концентрациясы
           әртүрлі қоректік ортада өсір.
               2. Әр 20 минут сайын заттық әйнекке бір тамшы ерітіндіні
           тамызып, йодпен боя.


                                                                                                        201
   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206