Page 54 -
P. 54

Биология біздің өмірімізде


           Мүшелер трансплантациясы
              1. Зәр шығару мүшелеріндегі жұқпалар туралы тереңірек зерттеу жүргізіп, жұқпаға шалдыққан паци-
           ентке арналған жаднама жаса.
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
              Жаднамада:
              – кіріспе бөлімі;
              – нақтама қою процедурасы;
              – жұқпаның туындау себептері;
              – жұқпасы бар адамға арналған кеңестер болуы тиіс.
              2.  Еліміздегі  бүйрек  жетіспеушілігіне  шалдығу  деңгейі  туралы  статистикалық  деректермен  таныс.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           Әлемдегі және Қазақстандағы мүшелер трансплантациясының жиілігі туралы деректер жина.
              Деректерді компьютерлік бағдарламалардың көмегімен өңдеп, визуалды таныстырылым дайында.
           Мысалы, өткен жылда жүрек трансплантациясы неше рет жасалды? Неше адамның өкпесін алмастыр-
           ған? Неше адамға бүйрек трансплантациясы жасалған?
               3. Диализ аппараты мен бүйректі алмастыру жолдарын зертте. Бүйректі алмастыру технологиясының
           дамуын графикпен көрсет. Диализ аппаратының екі өлшемді моделін жасап, мектеп оқушыларына та-
           ныстыр. Футуристік модельдің заманауи үлгісі ретінде оның осы технологияны жақсартудағы маңызын
           түсіндір.





              Бүйрек
              трансплантациясы


              Бүйрек қуыс венасы
                                                        Құрсақ артериясы


               Бүйрек үсті безі
                                                           Трансплантацияланған
                                                           бүйрек
              Ауруға шалдыққан
                        бүйрек
                                                           Трансплантацияланған
                                                           несепағар
                         Қуық



















           54
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59