Page 58 -
P. 58

4.1  Өкпедегі газ алмасу және ұлпалық

                                                тыныс алу механизмдері


            Сен ауаның белгілі
            бір газдар қоспасынан      Газдардың алмасу механизмі
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
            тұратынын білесің.             Тыныс алу кезінде ағзада үздіксіз газдар алмасып, қанның газ-
            Тыныс алғандағы және       дық құрамы жаңарып отырады. Ағзадағы газдардың қозғалысы
            тыныс шығарғандағы
            ауаның құрамында           газдардың парциалды қысымының айырмасына байланысты
            айырмашылық бола           жүзеге асады. Парциалды қысым – газдар қоспасының жеке
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
            ма? Ауа құрамындағы        бір газға тиесілі үлесі. Газ әрқашанда қысымы жоғары ортадан
            газдардың өзгерісі қай     қысымы төмен ортаға қарай, яғни газдардың концентрациясы
            мүшеде жүзеге асады        айырмасына қарай қозғалады. Газдар қозғалысындағы қысым-
            деп ойлайсың? Газдар       ның өзгерісі диффузияны туындатады. Альвеолада оттек газының
            құрамы неліктен
            өзгереді?                  концентрациясы жоғары, ал альвеоланы торлап жатқан капилляр-
                                       ларда оттек концентрациясы төмен. Сондықтан оттек альвеоладан
                                       капиллярға диффузияланады. Альвеолада көмірқышқыл газының
           ТІРЕК СӨЗДЕР:               концентрациясы  капиллярға қарағанда төмен болғандықтан газ
                                       керісінше алвеолаға өтеді. Ұлпа жасушаларында оттек жұмсалып,
           ■  газ алмасу               көмірқышқыл газы түзілетіндіктен газдар өкпедегіге қарағанда
           ■  парциалды қысым          керісінше қозғалады. Ұлпада оттек концентрациясы қанға қа-
           ■  диффузия                 рағанда төмен, сондықтан оттек  ұлпа жасушаларына қарай жыл-
                                       жиды, ал ұлпада көмірқышқыл газының концентрациясы қанға
           ■  альвеола
             (өкпе көпіршігі)          қарағанда жоғары болғандықтан көмірқышқыл газы қанға өтеді.
                                       1-ТАПСЫРМА. Кестеде оттек пен көмірқышқыл газдарының ағзаның
                                       әртүрлі мүшелеріндегі парциалды қысымы көрсетілген. Кестедегі мәлімет-
                                       терді пайдаланып, газдардың ағзадағы қозғалысын сипатта. Газдардың
                                       қозғалу бағытын көрсет.
             Газдардың алмасуы
                                           Оттек пен көмірқышқыл газының парциалды қысымы, мм.сын. бағ.
                    Ұлпа жасушалары
        Альвеола                         Атмосферада   Альвеолада     Венада      Артерияда      Ұлпада
                                             158        108-110         40            96           20
                                             0,3           40           46            39           60

                                       Альвеола мен капиллярдың ерекшелігі қандай?
                                           Адам өкпесіндегі альвеолаларды бір-бірімен қатарластырып
                                       орналастырса, теннис алаңының ауданындай болады екен.
                                       Яғни, альвеолалар өкпенің жалпы беттік ауданын бірнеше есе
                                       ұлғайтады деген сөз. Альвеолалардың қабырғалары өте жұқа
           ▲  Өкпе мен ұлпадағы        бір қабатты эпителий жасушаларынан тұрады. Олар бір-біріне
           газдардың алмасуы
                                       тығыз жанасып, қатар-қатар орналасады. Альвеоланы торлап
                                       жатқан капилляр тамырлары да бірқатар эпителий жасуша-
                                       ларынан құралады. Сондықтан қан мен альвеола арасында
                                       газдардың қарапайым диффузиясы оңай жүреді.
                                           Оттектің қанға өту кезінде ол гемоглобинмен (Hb) байла-

           58
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63