Page 98 -
P. 98

Дүниежүзі халықтарының діни құрамы






                                                    Дүниежүзі халқы белгілі бір діни-наным сенімдерге сенеді. Діндер
               Біз не үйренеміз?                таралу ерекшеліктеріне қарай әлемдік, ұлттық және дәстүрлі

                                                болып бөлінеді. Әлемдік діндер дүниежүзінде көп таралған, оны
                                                дүниежүзі халқының 64%-ы ұстанады. Әлемдік діндерге ислам,
                  Бұл тарауда:
                   textbooks nis edu kz
                                                христиан және буддизм жатады. Сонымен қатар әлемде ұлттық діндер
                  ✔   дүниежүзі халқының        де таралған. Бірақ ауқымы әлемдік діндерге қарағанда аз, дүниежүзі
                    діни құрамын;               халқының 24%-ы ұстанады. Ұлттық діндерге иудаизм, индуизм, да-
                  ✔   картадан діндердің        осизм, синтоизм және конфуцийлік діндердің қағидалары жатады.
                    таралу аймақтарын               Дәстүрлі діндер адамзаттың алғашқы қауым кезінде пайда бо-
                    анықтайсың.                 лып, қазір кейбір халықтарда сақталып қалған. Дәстүрлі діни наным-
                                                сенімдерге анемизм, тотемизм, шаманизм жатады.



                                                Әлемдік діндер
                                                    Ислам
                                                    Ислам – әлемдік діндердің ішіндегі ең жасы. Дүниежүзінде
                                                ұстанушылар христиандардан кейінгі екінші орында, халықтың
                                                20%-ы ислам дінін ұстанады. Негізгі таралған аймақтары – Азияның
                                                оңтүстігі және Солтүстік Африка. Ислам діні Азия және Африканың
                                                бірнеше елдерінде мемлекеттік дін болып табылады. Олар: Египет,
                                                Иран, Ирак, Ауғанстан, Пәкстан, Сауд Арабиясы, Марокко және
                                                т. б. Сонымен қатар Еуропаның кей елдерінде таралған. Ислам діні
                                                суниттік және шииттік ағымдарға бөлінеді.


                                                    Христиан
                                                    Дүниежүзінде христиан дінін ұстанушы халық шамамен 2 милли-
                                                ардқа жуық. Негізгі таралған аймақтары – Еуропа, Солтүстік Америка,
                                                Аустралия, Латын Америкасы. Христиан діні католиктік, протестант
                                                және православие ағымдарына жіктеледі. Ағымдарға байланысты
                                                таралуы әркелкі. Католик ағымында италяндықтар, испандықтар,
                                                француздар. Протестант ағымын неміс, голландықтар т.б., ал пра-
                                                вославие ағымын Шығыс Еуропа елдерінде көп ұстанады.


                                                    Буддизм
                                                    Ең ежелгі әлемдік діндердің бірі – буддизм. Әлемдік діндер ішінен
                                                ұстанушылары аз. Қазіргі уақытта буддизмді шамамен 250 миллион
                                                адам ұстанады. Буддизм Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында
                                                Қытай, Жапония, Корея елдерінде, ал Шри-Ланка, Таиланд, Мьянма,
                                                Лаос елдерінде басым дін болып табылады.


                                                Ұлттық діндер
                                                    Ұлттық діндердің таралу ауқымы аз, белгілі бір ұлттардың өкіл-
                                                дерін ғана қамтиды.
                                                    Иудаизм еврей ұлтының дініне жатады. Ұстанушылар саны
                                                шамамен 13 миллионға жетеді. Таралу аймағы Израиль мемлекеті
         98
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103