Page 25 -
P. 25

2014 жылдың қыркүйек айында күтпеген            География
                                                                   жерден Жапониядағы Онтаке жанартауы
                                                                   атқылады. Бір альпинист жанартау күліне
                                                                   оранған жыраға құлап кетіп, көз жұмды.
                                                                   Бірнеше адам жанартаудың күліне
                                                                   тұншығып қаза тапты.


                   textbooks nis edu kz

















            Біздің  ғаламшарымыз  шамамен  4,6  миллиард  жыл
            бұрын пайда болған. Ол осы уақытқа дейін көптеген
            өзгеріске  ұшырады  және  ертең  бүгіннен  де  өзгеше
            болуы мүмкін. Әдетте бұл өзгерістер біз сезбейтіндей
            өте баяу жүреді. Бірақ, кейде бұл жағдай біз құтыла ал-
            майтындай бір мезетте болып қалуы мүмкін. Мысалы, жер сілкінісі 10–15 секунд ішінде
            болады, жанартау күлі 100 км/сағ жылдамдықпен таралады. Мұндай күтпеген жағдайлар
            адам өміріне қауіпті, сондықтан олар табиғи апаттар деп аталады. Табиғи апаттар дү-
            ниежүзінің екі үлкен геосинклиналь аймағында жиірек кездеседі, олар: Тынық мұхиттың
            «Отты шеңбері»  мен Жерорта теңізі-Гималай белдеуі. Бұл аймақтардағы табиғи апаттар
            тектоникалық тақталардың қозғалысынан болады. Осы тарауда біз бұл қозғалыс тар тура-
            лы көбірек оқып білеміз.




                 СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1.  6-сыныпта өткен «Жер сілкінісі және жанартаулар» туралы  еске түсіріп, өз біліміңді
                 қорытындылайтын бес сөйлем жаз.

              2.  Интернеттен 2014 жылғы Онтаке жанартауының атқылауы туралы бейнежазбаны
                 қара. Содан кейін жоғарыда берілген А ресурсындағы  фотосуреттерді талда. Бұл
                 жағдайдың күтпеген жерден болғанын дәлелдейтін қандай айғақтар берілген?
              3.  «Ыстық орындық» ойыны. Көзіңді жұмып, өзіңді Луговойда болған жер сілкінісі
                 немесе Онтаке жанартауының атқылау аймағында болған адам ретінде елестет.
                 3.1. Нені көріп, естіп, сезіп тұрсың?
                 3.2.  Өзіңді қалай сезінесің? Қандай күйдесің?
                 3.3. Сезімдеріңді сыныптастарыңмен бөлісіп, себептерін ата.
              4.  Табиғи апаттардың себептері қандай?
              5.  Неліктен Қазақстанның кейбір аймақтарында жер сілкіністері болып тұрады?








                                                                                                                 25
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30