Page 28 -
P. 28

Жердің тектоникалық құрылымы



                  Бұл сабақта:                      «Материктердің ығысуы» атты ғылыми теорияны алғаш рет неміс
                  ✔   Жердің тектоникалық       геологы және географы Альфред Вегенер ұсынған. Вегенердің ойынша,
                    құрылымын білетін           бастапқыда жер қыртысында жұқа гранит жыныстары қалыптас қан.
                    боласың;                    Уақыт өте келе, оның көлемі ұлғайып, Пангея суперконтинентін құрады.
                   textbooks nis edu kz
                                                    Мантияның бетінде орналасқан жер қыртысын құрайтын алып
                  ✔ литосфералық                блоктар литосфералық тақталар немесе тектоникалық тақталар деп
                    тақталардың                 аталады. Олардың қалыңдығы 60–70 км-ге жуық.  Тектоникалық
                    орналасуын картадан         тақталар тау жыныстарынан тұрады. Ол тақталардың екі түрі бар:
                    көрсетіп, олардың           құрлықтық және мұхиттық тақталар. Дүниежүзінде басты 13 тақта
                    орналасқан жерін            бар. Олардың жетеуі үлкен: Солтүстік Америка тақтасы, Оңтүстік
                    сипаттауды;                 Америка тақтасы, Еуразия тақтасы, Африка тақтасы, Үнді-Аустралия
                                                тақтасы, Антарктика тақтасы және Тынық мұхит тақтасы (А суретіне
                  ✔ географиялық шартты         қара).
                    белгілерді қолдана              Тақталар Жер мантиясының иілмелі қабаты – астеносфераның
                    отырып, карталарды          бетінде орналасқан. Олар жылына 1 және 6 см аралығында жылжи-
                    оқуды үйренесің.            ды. Конвективті қозғалыс мантияның ішіндегі жоғары температура-
                                                ның әсерінен пайда болады. Осы қозғалыс тақталардың бөлінуіне
                                                және олардың қақтығысуына әсер етеді. Екі тақтаның түйіскен жері
                                                тақта шегарасы деп аталады. Тақта шегараларында жер сілкіністері
                                                болып тұрады. Біз оны тектоникалық белсенді аймақ деп атаймыз.
                                                Осы себептен тақталар шегарасының арасында жер сілкінісі мен
                                                жанартау атқылаулары көп болады. Белсенді аймақтарда таулар
                                                мен мұхит шұңғымалары түзіледі. Тектоникалық тақталардың  болуы
                                                және қозғалысы қазіргі кезде Жер серіктерінің суреттері арқылы
                                                дәлелденеді. Тақталардың бөлініп кетуі де материктердің ығысу
                                                теориясын дәлелдейді.








                                СОЛТҮСТІК                 4               ЕУРАЗИЯ ТАҚТАСЫ
                                АМЕРИКА                                             ГИМАЛАЙ             8
                                ТАҚТАСЫ                                              4                 ТЫНЫҚ
                                                                          АРАБИЯ
                                                              АФРИКА     ТАҚТАСЫ                       МҰХИТ
                                         КАРИБ                                                     ТАҚТАСЫ  ФИЛИППИН
                                        ТАҚТАСЫ               ТАҚТАСЫ                                  ТАҚТАСЫ
                                   КОКОС
                   ТЫНЫҚ МҰХИТ     ТАҚТАСЫ  6
                     ТАҚТАСЫ
                                            ОҢТҮСТІК                          ҮНДІ-АУСТРАЛИЯ ТАҚТАСЫ
                                            АМЕРИКА
                                   НАСКА
                                   ТАҚТАСЫ  ТАҚТАСЫ
                                                            2
                                                                              3           6
                                4                                        АНТАРКТИКА
                                                                          ТАҚТАСЫ
                            АНТАРКТИКА
                             ТАҚТАСЫ


                        Литосфералық тақталардың ығысу шегарасы        Литосфералық тақталардың соқтығысу шегарасы

                  3     Литосфералық тақталардың қозғалу бағыты (5-жылдамдығы см/жыл)
                                                                                   А. Литосфералық тақталар картасы
         28
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33