Page 30 -
P. 30

Литосфералық тақталардың


               қозғалысы




                                                                    Тектоника – жер қыртысының құрылысын,
                  Бұл сабақта:                                  қозғалысын, өзгеруі мен даму заңдылығын зерт-
                  ✔   литосфералық тақталар қозғалысын          тейтін геология ғылымының саласы. Тектоникалық
                   textbooks nis edu kz
                    білетін боласың;                            қозғалыстың екі түрі бар: 1 – жер бедерінің баяу
                                                                көтерілуі және төмен түсуі; 2 – тау түзілу.
                  ✔ географиялық дереккөздермен (карта,
                    сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық          Тақталар бір-бірінен алыстауы немесе көрші
                    материалдар) жұмыс істеуді үйренесің.       тақталарға соқтығысуы мүмкін. Осындай қозғалыс-
                                                                тар тақталар шегарасының төрт түрін құрады. А
                                                                суретіндегі жылжулар Жердің жасанды серіктерінің
                                                                суреттерін зерттеп, сәйкестендіру арқылы дәлел-
                                                      Мұхиттық
                                                        қыртыс  денген.

                                                                    Материктік және мұхиттық тақталардың шек-
                                                                тесу аудандары спрединг, ал тақталардың ажырау
                                                                шегарасы рифтинг деп аталады. Егер ажырау мұ-
                                Магма
                                                                хитта болса, мұхит ортасы жоталары түзіледі, егер
                             Ажырау                             материкте болса, материктік жарылымдар пайда

                                                                болады. Мысалы, Шығыс Африка жарылымы.
               Материктік      Мұхитасты шұңғыма,
                  қыртыс       рифтер

                                                      Мұхиттық      Тақталардың кірігуі (субдукция) мантия-
                                                        қыртыс  ның тығыздығы төмен, иілгіш, жоғарғы қабатында

                                                                жүреді. Тақталар соқтығысқан жерде магмалық
                                                                ауыр жыныстардан тұратын мұхиттық қабық көбі-
                                                                несе шөгінділерден құралған материктік жеңіл
                              Кірігу                            қабықтың астына енеді. Нәтижесінде рифтер,
                                                                мұхитасты  шұңғымалары,  жанартаулық
                                                                аралдар түзіледі.

                                                                    Жер қыртысының тақталары көлденең бағытта
                                                                жылжуымен қатар, жоғары-төмен бағытта да ығы-
                                                                сып (трансформ) тұрады. Литосфералық тақта-
                                                                лар ығысқан уақытта жер сілкіністері байқалады.

                              Ығысу



                                                                    Екі құрлықтық тақтаның бірін-бірі итеруі нәти-
                                                                жесінде қабаттар жоғары бағытталып, тау түзілуіне
                                                                әкеледі. Бұл үдеріс коллизия деп аталады. Мы-
                                                                салы, Гималай тауы.




                            Коллизия

                А. Литосфералық тақталардың қозғалыс түрлері
         30
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35