Page 20 -
P. 20

Географиялық координаталарды


               анықтау




                  Бұл сабақта:                      Географиялық кординаталар – жер шарының бетіндегі кез
                  ✔   географиялық              келген нүктенің орнын белгілейді. Географиялық координаталар
                    координаталарды             (лат. со – бірге, ordinatus – реттелген) – жер бетіндегі экваторға
                   textbooks nis edu kz
                    анықтауды үйренетін         және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөл-
                    боласың.                    шер. «Географиялық координата» ұғымын ғылымға ең алғаш грек
                                                астрономы, механик, географ, математик Гиппарх енгізген (шамамен
                                                б.з.д. 190–120 жж.). Географиялық координата ендік пен бойлықтың
                                                түйісуінен қалыптасады.
                                                    Географиялық ендік дегеніміз – жер бетіндегі кез келген
                                                нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы. Ендік
                                                экватордан полюстерге қарай 0 градус пен 90 градус аралығында
                                                есептеледі. Экватордан солтүстікке қарай солтүстік ендік, оңтүстікке
                                                қарай оңтүстік ендік деп аталады.
                                                    Географиялық бойлық дегеніміз – жер бетіндегі кез келген
                А. Гринвич нөлдік меридианының
                екі жағын басып тұру, Лондон    бастапқы меридианнан нүктенің градуспен алынған өлшемі. Бастап-
                                                қы меридианнан 180 градус шығысқа қарай шығыс бойлық, ал 180
                                                градус батысқа қарай батыс бойлық деп аталады.
                                                    Меридиандар – солтүстік және оңтүстік полюстер арқылы
                                                жүргізілген шеңберлер. Меридиан латын тілінен аударғанда «тал
                                                түс» деген мағынаны білдіреді. Лондондағы Гринвич обсерватори-
                                Ә. Гринвич
                                меридианының    ясы арқылы өтетін меридиан бастапқы меридиан деп аталады (Б
                                100 жылдық
                                мерейтойын      суреті). Халықаралық келісім бойынша 1884 жылдан бастап бастап қы
                                атап өткен мөрі  меридиан ретінде қолданылып келеді.



                Б
                             Меридиандар

               А  нүктесі батыс жартышарда
                 орналасқан және
                 географиялық бойлығы
                    о
                 20 б.б.

               B  нүктесі шығыс жартышарда
                 орналасқан және
                 географиялық бойлығы
                    о
                 40 ш.б.

                                    Батыс жартышар                        Шығыс жартышар
                                    Батыс бойлық (б.б.)                   Шығыс бойлық


                                                    Параллельдер – экваторға параллель немесе меридиандарға
                                                кесе-көлденең жүргізілген сызықтар. Параллель – «parallelos» грек
                                                тілінен аударғанда «қатар жүруші» деген мағынаны білдіреді. Ең ұзын
                                                параллель – экватор. Экватор (латынша «aequator» – теңестіруші)
                                                – Жер шарындағы екі полюстен бірдей қашықтықта шартты түрде
                                                жүргізілген үлкен шеңбер. Экватордың ұзындығы – 40 076 км.
         20
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25