Page 21 -
P. 21

Меридиандардың ұзындықтары бірдей, ал параллельдердің                                             География
            ұзындықтары әртүрлі. Параллельдер ұзындықтары полюстерге қа-
            рай қысқарады.
                Кез келген нүкте арқылы бір ғана параллель, бір ғана меридиан
            жүргізе аламыз. Барлық параллельдер мен меридиандар бірігіп,
            бұрыш жасап қиылысады. Параллельдер мен меридиандардың
            өзара қиылысуынан пайда болатын тор градус торы деп атала-
                   textbooks nis edu kz
            ды. Градус торы арқылы кез келген нүктенің географиялық орнын,
            арақашықтығын және бағытын анықтауға болады.                                              Сидней




             В                                     Солтүстік полюс
                    Параллельдер

                 Солтүстік жартышар
                 солтүстік ендік (с.е.)















                 Оңтүстік жартышар
                 оңтүстік ендік (о.е.)

                                                   Оңтүстік полюс

                                                                                       о
            А  нүктесі солтүстік жартышарда орналасқан және географиялық ендігі 40 с.е.

            B  нүктесі оңтүстік жартышарда орналасқан және географиялық ендігі 20 о.е.
                                                                                      о


                 СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1.  Глоссарийді пайдалана отырып, географиялық ендік пен бойлыққа анықтама бер.
              2.  Параллельдер мен меридиандардың қандай ұқсастықтары және айырмашылықтары бар?
              3.  Суреттерді пайдалана отырып анықта:

                 3.1. В суретінен С нүктесінің географиялық ендігін тап.
                 3.2. Б суретінен D нүктесінің географиялық бойлығын тап.
              4.  Қазақстанның физикалық картасын пайдалана отырып, еліміздің географиялық координатасын анықта.
              5.  1886 жылы Д.Ливингстон үлкен географиялық жаңалық ашты. Ол жаңалықты картадан 18º о.е. және
                 26º ш.б. нүктесінен тауып алуға болады. Ол қандай нысан және қай материкте орналасқан?
              6.  Берілген географиялық нысандардың географиялық координаталарын анықтап, кесте түрінде көрсет.

                  6.1. Джакарта.          6.2. Килиманджаро.       6.3. Сидней.
              7.  Түрлі карталардағы меридиандар мен параллельдерді салыстыр. Кесте түрінде көрсет.
                  Карталар                Меридиандар              Параллельдер





                                                                                                                 21
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26