Page 26 -
P. 26

Литосфераның құрылысы мен заттық


               құрамы




                                                    Литосфера (грек. «lithos» – тас және «spharia» – шар) – жердің
                  Бұл сабақта:                  иілмелі астеносфера қабатының үстінде орналасқан сыртқы қатты
                                                қабаты. Оның қалыңдығы жазық аймақтарда 35–40 км, таулы аудан-
                  ✔   литосфераның              да 70 км-ді құрайды. Ежелгі тауларда жер қыртысының қалыңдығы
                   textbooks nis edu kz
                    құрылысы мен заттық         одан да тереңірек, мысалы: Гималайда 90 км-ге жетеді. Мұхиттың
                    құрамын білетін             түбі ол да литосфера. Мұхитта ол өте жұқа, орташа есеппен 7–10 км,
                    боласың.                    ал Тынық мұхиттың кейбір жерлерінде 5 км-ге дейін жетеді. Жер
                                                шарының ішкі құрылысының 3 қабаттан тұратындығы анықталған.
                                                Олар: жер қыртысы, мантия және ядро.
                                                    Мұхит пен құрлық астындағы жер қыртысы бір-бірінен айыр-
                                                машылық жасайды. Құрлықтық жер қыртысының бетінде шөгінді, ал
                                                одан төменде гранит және базальт қабаттары орналасады. Мұхиттық
                                                жер қыртысында гранит қабаты кездеспейді.
                                                    Литосфераның көп бөлігі магманың суынуынан пайда болған
                                                кристалл тәрізді заттардан тұрады. Жер қыртысының жарықтарынан
                                                көтерілген уақытта магма суып, өзінен зат бөліп отырады. Сондықтан
                                                да кейбір минералдар температура мен қысым өзгерген уақытта
                                                бұзылады да, жер бетіне көтерілген уақытта жаңа заттар түзеді.
                                                    Литосфера қабаты ғаламдық экожүйенің бөлігі ретінде бірнеше
                                                маңызды қызмет атқарады:
                                                    –  Жер бетіндегі тіршіліктің мекен ортасы;
                                                    –  материктердегі беткі жұқа құнарлы қабат – топырақ – Жер
                                                шарындағы тіршілікке нәр беруші;
                                                    –  отын, минерал, құрылыс т.б. пайдалы қазбалардың «қойма-
                                                сы».



                         Құрлықтық қыртыс
                                                  Мұхиттық қыртыс

                    Литосфера

                Астеносфера


             Жоғарғы мантия

          Төменгі мантия


          Сыртқы ядро

              Ішкі ядро












                                                                                      Ә. Жер қыртысының құрылымы



                A. Жердің құрылысы
         26
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31