Page 27 -
P. 27

Литосфераның заттық құрамы тау жыныстарынан тұрады. Ал тау жыныстары деп жер қырты-                География
            сын құрайтын табиғи заттық құрамын айтады. Тау жыныстары әртүрлі күйде бір-бірімен байланысқан
            біртекті немесе бірнеше минералдан тұрады. Олар жер қойнауындағы және құрлықтағы геологиялық
            үдерістердің нәтижесінде қалыптасқан. Шығу тегіне қарай олар шөгінді, магмалық, метаморфтық болып
            жіктеледі.
                Магмалық жыныстар балқыған отты зат – магманың қатуынан пайда болған. Олардан түзілген жы-
            ныстар өте тығыз, ауыр және қатты болады. Мысалы, қорғасын, алтын, темір және т.б. кен металдары.
            Шөгінді жыныстар тек қана құрлықта және суда тұнбалардың шөгуі нәтижесінде қалыптасқандықтан
                   textbooks nis edu kz
            олар органикалық, химиялық, кесек шөгінді түрінде кездеседі. Органикалық шөгінді жыныстарға мұнай,
            газ, шымтезек, жанғыш тақтатас, көмір жатады. Химиялық шөгінділерден ас тұзы, калий тұзы, әктас,
            доломит, ангидрид және т.б. атауға болады.
                Метаморфтық жыныстар алғашқы қалыптасқан жыныстардың қысым, температура, химиялық
            ерітінділер әсерінен қайта кристалданып, нығыздалып, қатайып, басқа затқа айналуынан пайда болған.
            Метаморфтанған тау жыныстарына мәрмәр жатады, ол бордың қысым мен температура әсерінен
            нығыздалуы нәтижесінде түзілген. Сонымен қатар құмтас кварцитке айналады.


             Б                      Шөгінді                       Магмалық                     Метаморфтық













             Әктастар – көп кездесетін        Гранит –  магмадан қалыптасқан   Мәрмәр – метаморфтық тау
             шөгінді тастар. Ол маржан  және   минерал.                        жынысы. Әктәстың жоғары
             теңіз бақалшақтары сияқты        Ол – құрлықтық қыртыстың         температураға немесе
             ағзалардың қаңқаларынан          үлкен бөлігі. Гранит қабатының   қысымға ұшырап   өзгеруінен
             тұрады.                          қалыңдығы бірнеше километрге     қалыптасады.
                                              дейін жетуі мүмкін.






                  СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1.  «Жердің құрылысы» деген бейнефильмді           5.3.  Не себепті заттар бір түрден екінші түрге
                 көріп, литосфераның қабаттарын ата және             айналады?
                 ерекшелігін сипатта.
                                                              6.  Литосфераның құрамындағы заттарды
              2.  А суретін дәптеріңе салып, әр қыртыстың        күнделікті өмірден кездестіруге бола ма?  Атап
                 атауын жаз және анықтама бер.                   көр. Олар қаншалықты маңызды?
              3.  Астеносфера дегеніміз не және оның қандай   7.  Тау жынысы туралы мәтінді пайдаланып,
                 маңызы бар?                                     сұрақтарға жауап бер.
              4.  Ә суретін пайдаланып, материктік жер қыртысы   7.1.  Тау жынысы дегеніміз не? Тау
                 мен мұхиттық жер қыртысының айырмашылығы            жыныстарының түрлерін ата.
                 мен ұқсастығын анықта.
                                                                 7.2. Шөгінді жыныстар қалай пайда болған?
              5.  Б суретіндегі литосфераның заттық құрамын      7.3.  Магмалық жыныстардың қалыптасуын
                 зерделе.
                                                                     түсіндір.
                 5.1.  Жер қыртысын толтыратын заттарды          7.4.  Тау жыныстарының метаморфоздануына
                     сипатта.                                        қандай себептер әсер етеді?
                 5.2.  Шөгінді жыныстар қалай түзіледі? Оған
                     мысалдар келтір.




                                                                                                                 27
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32