Page 32 -
P. 32
Жер бедерінің қалыптасуы және
таралу заңдылықтары
Жер қыртысының ойлы-қырлы бөлігі жер бедері деп аталады.
Бұл сабақта: Жер беті біркелкі тегіс емес. Ең биік Гималай тауы мен ең терең
✔ жер бедерінің Мариан шұңғымасы арасындағы айырмашылық шамамен 20 км-
textbooks nis edu kz
қалыптасуын ді құрайды. Біздің ғаламшaрымыздың жер бедері әлі күнге дейін
анықтауды, таралу қалыптасып, үнемі қозғалыс үстінде болып тұрады. Мысалы, литос-
заңдылықтарын фералық тақталардың қозғалысынан таулар қатпарланып, жылына
зерттеуді үйренесің. бірнеше см-ге көтерілуде. Жанартау атқылау үдерістері әлі күнге
дейін жалғасуда. Жалпы, жер бедерінің қалыптасуына ішкі және
сыртқы күштер әсер етеді. Ішкі күштерді эндогендік, сыртқы күштерді
экзогендік деп атайды.
A ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ПІШІНДЕРІ
Таулар мен жазықтар, материктер мен мұхит-
тар жер бедерінің негізгі пішіндері болып табы-
лады. Таулар белсенді тектоникалық әрекеттердің
нәтижесінде пайда болса, жазықтар тау жасалу аз
байқалатын аймақтарда қалыптасады.
Жазықтар – беті біркелкі тегіс немесе төбелі
болып келетін аймақтар. Оларды биіктігіне байла-
нысты ойпат, қырат, үстірт деп ажыратады.
Мысалы, әлемдегі ең үлкен Амазонка ойпаты
0 – 200 м-де орналасқан. Ал кейбір ойпаттар теңіз
деңгейінен төмен орналасады, мысалы, Каспий
маңы ойпаты – 28 м төмен орналасқандықтан
ойыс деп атайды. Жазықтарды биіктігіне байла-
нысты 3 топқа ажыратады: биіктігі 0 – 200 м құрай-
тын формалар – ойпаттар деп аталса, 200 – 500 м
болатын жазықтарды қыраттар деп, 500 м-ден
асса таулы үстірттер деп атайды.
Таулар – теңіз деңгейінен 500 м жоғары кө-
терілген жер бетінің бөлігі. Тауларды жазықтар
сияқты биіктігіне байланысты бірнеше топқа
бөледі. Физикалық карталардан тауларды биік-
тік шкаласы бойынша анықтауға болады. Биік-
тігіне байланыс ты аласа таулар (500–1000 м),
орташа биік таулар (1000 – 2000 м), биік таулар
(2000 м-ден астам) болады. Тауларды тек биіктігіне
ғана емес, сонымен қатар пішініне қарай да бөледі.
Ұзын сызық бойымен орналасқан тауларды тау
жоталары деп атайды. Оған Кавказ тауы мысал
болады. Сонымен қатар таулы белдеу (Анд), тау
жүйесі (Оңтүстік Сібір) және таулы өлкелер бар.
Мысалы, Памир.
32

