Page 33 -
P. 33

География

             Жаңбыр, күн, жел және температура өзгерісі тәрізді экзогендік күштер
             жер бетінде жер бедерінің өзгеруіне әсер етеді. Мұндай өзгерістер жазық
             жерлер мен таулы аймақтарда да болады. Нәтижесінде жартастар мүжіледі
             (эрозиялық үдеріс). Мысалы, су ағыны немесе жел, олар тау беткейінен тастар
             мен топырақты ығыстырып әкеліп, тау етегіне түсіреді және оларды шөгіндіге
             айналдырады.



             Ә





























             Гималай textbooks nis edu kz


                              Жердің ішкі күштерінің әсерінен пайда болатын геологиялық үдерістер
                              эндогендік үдерістер деп аталады. Эндогендік үдеріс нәтижесінде Жер
                              қыртысы баяу көтеріледі және төмен түседі, жер сілкінісі пайда болып, жанартау
                              атқылап, магма жер бетіне шығып қатады. Минералдар пайда болады және тау
                              жыныстары қалыптасып, өзгеріске ұшырайды т.б.







                 СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1. А және Ә суретін мұқият қара.                      2. Қазіргі Гималай туралы бейнефильмді
                                                                       көріп, қандай өзгеріс бар екенін сипатта.
                 1.1. Гималай тауы қалай қалыптасқан?
                                                                    3. Өзгерістерге себеп болған факторларды
                 1.2.  Таудың қалыптасуын өткен сабақпен қалай         анықта.
                     байланыстырасың? Ойыңды дәлелде.
                                                                    4. Жер бедерінің пішіндерін ата.
                 1.3. Таудың қалыптасуына әсер еткен күштерді анықта.
                                                                    5. Оқулық мәтінінде берілген жер бедерінің
                 1.4. Не себепті Үндістан түбегі бөлек көрсетілген?
                                                                       пішіндерін картадан көрсет.
                 1.5.  Дүниежүзінің физикалық картасынан Гималай    6. Жер бедері пішіндерінің
                     тауын тауып, оның биік нүктесін анықта.
                                                                       номенклатурасын құрастыр.
                 1.6.  Тауды сипатта: географиялық орны, жоталарының
                     орналасу бағыты, ең биік нүктесі, таудың биік
                     нүктесінің географиялық координатасы.

                                                                                                                 33
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38