Page 37 -
P. 37
Ауаның құрамында газдардан басқа су буы болады. Егер ауа География
белгілі бір температурада, белгілі бір мөлшерде су буларынан тұра-
тын болса, оны қаныққан ауа деп атайды. Ал су буы аз мөлшерде
жинақталса, онда оны су буына қанықпаған ауа деп атайды.
Ауадағы су буының мөлшерін граммен және пайызбен есептейді.
1 м³ ауадағы су буының нақты мөлшерін абсолюттік ылғалдылық
деп атайды. Оны граммен өлшейді (г/м ).
3
textbooks nis edu kz
1 м ауадағы түрлі температурадағы су буының мөлшері
3
Температура (С) Су буы (грамм)
–30 º 0,5
–20 º 1
–10 º 2
0 º 5
+10 º 9
+20 º 17
+30 º 30
Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз – 1 м³ ауадағы су
буының пайызбен алынған мөлшері. Салыстырмалы ылғалдылық
ауаның су буымен қанығу дәрежесін көрсетеді. Мысалы, 20 ºС тем-
пературада 1 м³ ауа 1 г су буын ұстап тұрады. Ауадағы бар ылғал
0,5 г болса, салыстырмалы ылғалдылық 50% деген сөз. Ауа сумен
қаныққанда салыстырмалы ылғалдылық мөлшері 100%-ға жетеді.
Салыстырмалы ылғалдылық шаш гигрометрі құралымен өл-
шенеді. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-ға жетіп, ауа су буына
қаныққан кезде артық бу су тамшыларына айналады. Оны конден-
сация деп атайды. Ал температура 0 ºС-тан төмендесе, су булары
мұз түйіршігіне айналады.
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Мәтінді оқып, атмосфера қандай қабат екенін ТЕМПЕРАТУРА
айт. КҮН СӘУЛЕСІ
2. Атмосфералық ылғалдылық деген не? Немен ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ
өлшенеді және маңызы қандай?
АУА РАЙЫНЫҢ
3. А тобындағы фотосуреттерді мұқият қарап, НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
атмосфера құрамының қалай қалыптасқанын
талқыла.
ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ
4. Атмосфера қабаттарында қандай физикалық ЖЕЛ
құбылыстар болатынын анықта. ЖАУЫН-ШАШЫН АУА ҚЫСЫМЫ
5. Атмосфера қабаты не үшін керек?
6. Сызбаға ауа райының әр элементі саған қалай
әсер ететінін түсіндіретін бөліктер қос.
37

