Page 92 -
P. 92

Қазақстан халқының құрамы мен


               тығыздығы



                  Бұл сабақта:                  Қазақстан жер аумағы үлкен (2.7 млн км ) болғанымен халық сирек
                                                                                      2
                                                                                             2
                  ✔   Қазақстандағы             қоныстанған елге жатады. Халық тығыздығы 1 км -ге 5,6 адамнан ке-
                    халықтың таралуын;          ледi. Тұрғындар үшiн табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы. Халық тығыз
                                                орналасқан өңiрлер – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыста-
                  ✔ Қазақстан халқының          ры. Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы қоныстанған, халық
                    діни және этностық          тығыз дығы 1 км -ге 16,9 адамнан келедi.
                                                              2
                    құрылымын анықтауды
                    үйренесің.




                A  textbooks nis edu kz








































                                                                                Қазақстан халық санының тығыздығы



                                Қазақстан халқының діни және ұлттық құрамы

                                    Қазақстан халқы – этникалық жағынан көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Ел аумағында
                                тілі, мәдениеті әртүрлі 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады жəне олар əртүрлі
                                тіл семьяларының тілдерінде сөйлейді. Мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлт – қазақтар.
                                Екінші орында орыстар. Cонымен қатар 100 мыңнан асатын 6 ұлт өкілдері бар.
                                    Ең көп таралған тіл семьялары алтай, үнді-еуропалық болып табылады. Оның
                                ішінде түркі, славян топтары көп таралған. Қазақстан халқының негізгі бөлігі бес тіл
                                семьясы тілдерінде сөйлейді. Халықтың 69%-ы алтай, одан кейін үнді-еуропалық,
                                Солтүстік Кавказ, қытай-тибет және орал-юкагир тіл семьясы құрамына кіреді.



         92
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97