Page 94 -
P. 94

Дүниежүзі халқының нәсілдік құрамы






                  Бұл сабақта:                      Нәсілдер – адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері
                  ✔   дүниежүзі халқының        (түсі, шашының сипаты, бет әлпеті, бас сүйегінің пішіні, бойы) арқылы
                    нәсілдік құрамын            ажыратылатын топтар. Дүниежүзі халқы негізгі үш нәсілге бөлінеді.
                    анықтауды;                  Олар – еуропалық (еуропеоидтық), моңғол тектес (моңғолоидтық)
                   textbooks nis edu kz
                                                және экваторлық (негроидтық). Антропологиялық белгілері ұзақ уақыт
                  ✔   картадан нәсілдердің      бойы табиғат жағдайларына байланысты бейімделіп, нәтижесінде
                    таралу аймақтарын           нәсілдік белгілер қалыптасты. Нәсілдердің сыртқы бет-бейнесінің
                    анықтауды үйренесің.
                                                өзгеруіне қоршаған орта да әсер етеді.
                                                    Еуропалық нәсіл
                                                    Еуропаның байырғы халқы, Солтүстік Америка, Солтүстік
                A
                                                Африка, Солтүстік Үндістан аймақтарында таралған. Еуропалық
                                                нәсілге жататындардың терісі ақшыл, сопақ бетті, шаштары тіке және
                                                толқынды, мұрындары ұзын, еріндері жіңішке болып келеді.
                                                    Моңғол тектес нәсіл
                                                    Моңғол тектес нәсіл өкілдері Азияда көп таралған. Оларды
                                                сары нәсіл деп те атайды. Олардың терісі сары, шашы салалы, жақ
                                                сүйегі шығыңқы, мұрны тәмпіш, көзі қысыңқы болып келеді.
                                                    Экваторлық немесе негроидтық нәсіл
                                                    Бұл нәсіл өкілдерінің терісі қара, ерні қалың, мұрындары
                                                жалпақ, шаштары бұйра болып келеді. Эваторлық нәсіл өкілдері
                                                Африка мен Аустралияда таралған.



                         Ә









































         94
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99