Page 96 -
P. 96

Дүниежүзі халқының этникалық және


               тілдік құрамы




                  Бұл сабақта:                      Аймақ пен елдің ұлттық құрамы этностық белгілерімен ерек-
                  ✔   дүниежүзі халқы           шеленеді.
                    қандай тілдерде                 Этнос немесе ұлт дегеніміз – тілі мен ата қонысының, мәдениеті
                   textbooks nis edu kz
                    сөйлейтінін;                мен салт-дәстүрі, шаруашылық сипаты ерекше, тарихи кезеңдерде
                                                қалыптасқан адамдардың қауымдастығы. Елдегі этникалық құрамды
                  ✔   картадан көп және         анықтау халық санағын жүргізу арқылы іске асырылады. Мемлекет-
                    бір ұлтты елдерді           тегі басым және саны аз ұлттар есепке алынады. Этникалық құрамы
                    анықтайсың.
                                                бойынша мемлекеттер бір ұлтты, яғни, халқының 90%-дан астамын
                                                негізгі ұлт құрайды. Бұндай елдер қатарына Жапония, Дания, Щвеция
                                                т.б. жатады. Мысалы, Жапония халқының ұлттық құрамы бірыңғай.
                                                Бұл – типтік бір ұлтты ел, мұнда жапондықтар халықтың 99%-дан
                                                астамын құрайды. Ал жапон тілі өте ерекше және басқа тілдік топ-
                                                тардың бірде-біреуіне қосылмайтын оқшау тіл.
                                                    Көп ұлтты мемлекеттердегі халық бірнеше этностардан құрала-
                                                ды. Көп ұлтты мемлекеттерге Қазақстан, Ресей, ҚХР және т.б. елдер
                                                жатады.


























                                                                                     Дүниежүзі елдерінің ұлттық құрамы
                                Шартты белгілері:
                                    Бір ұлтты                                Көп ұлтты
                                      Бір ұлтты халық басым, бірақ басқа ұлттар     Этникалық құрамы ұқсас көп ұлтты елдер
                                    да кездеседі
                                Ескерту. Бір ұлтты мемлекеттерде бір ұлттың үлесі жалпы халық санының 9/10 бөлігін құрауы керек.




                                                Халықтың тілдік құрамы
                                                    Дүниежүзі халқы сөйлейтін тілдерді тіл семьяларына және тіл
                                                тобына топтастырады. Тілдер алдымен ірі-ірі семьяларға және жеке
                                                топтарға, ал топтар жеке-жеке тілдерге бөлінеді. Ірі тіл семьялары
                                                25-тен асса, тіл топтары 45-ке жуық. Оның ішінде үнді-еуропалық
                                                тіл семьясында дүниежүзі халқының 2,5 миллиардтан астам, ал
                                                қытай-тибет тіл семьясында 1 миллиардтай адам сөйлейді екен.
         96
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101