Page 95 -
P. 95

География

             Б










                   textbooks nis edu kz





















                     Негроидтық нәсіл            Моңғолоидтық нәсіл           Аралас және аралық нәсіл
                     Еуропеоидтық нәсіл          Аустралиялық нәсіл           Халық қоныстанбаған аймақ
                                                                                      Нәсілдердің таралу картасы




                Нәсіл – адамдардың биологиялық қауымдастығын білдіретін
            ұғым. Сондықтан да бір нәсілге жекелеген бірнеше халық кіруі мүмкін
            немесе бір халық әртүрлі дәрежеде араласқан екі не одан да көп
            нәсілдерден құралуы ықтимал. Олар – аралас нәсілдер. Олар әртүрлі
            нәсілдердің араласуы нәтижесінде қалыптасқан. Дүниежүзі халқының
            30%-ын аралас нәсілдер құрайды. Аралас нәсілдер мулаттар,
            самболар, метистер деп аталады. Мулаттар – еуропалықтар мен
            негроидтардың аралас некесінен туғандар. Самбо – үндістер мен
            негроидтардың аралас некесінен, ал метистер – еуропалықтар
            мен үндістердің некесінен туған ұрпақтар. Бұл нәсіл топтары Латын
            Америкасында көп таралған.


                  СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1.  Жер шарында нәсілдердің қандай түрлері бар?

              2.  А, Ә суреттеріндегі нәсілдердің ерекшелігін сипатта.
              3.  Картадан нәсілдердің таралу аймақтарын анықтап, кескін картаға түсір.
              4.  Нәсілдердің пайда болуына табиғи орта қалай әсер етеді?

              5.  Аралас нәсілдердің пайда болуы қай кезеңдерде басталды? Сонымен қатар неліктен Латын
                 Америкасында көп таралғанын зертте.
              6.  Нәсіл өкілдерінің физиологиялық қалыптасу ерекшеліктерін талдап, сыныпта таныстырылым жаса.







                                                                                                                 95
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100