Page 93 -
P. 93

Елдегі этникалық топтардың көп болуына байланысты діни құрам да әркелкі.                           География
            Халықтың басым бөлігі – ислам, христиан діні өкілдері. Қазақстан халқының шама-
            мен 65%-ы немесе 10,5 миллион адам өзін мұсылман санайды. Халықтың 60%-ын
            құрайтын этникалық қазақтармен бірге этникалық өзбектер, ұйғырлар мен татарлар
            бұрыннан исламның суннит ағымына жатады. Халықтың шамамен үштен бір бөлігін
            құрайтын үлкен этникалық топ – орыстар жəне саны жағынан шағын топ – украиндар
            мен белорустар православиелік христиандар болып табылады. Сонымен қатар елде
                   textbooks nis edu kz
            католиктер мен иуда дінінің өкілдері бар.



             Ә











































                                                                               Қазақстанның этникалық құрылымы




                  СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1.  А картасын пайдалана отырып, Қазақстан халқының тығыздығын айтып бер.
                 1.1   А картасынан халқы тығыз орналасқан облыстарды анықтап, әсер етуші факторларды анықта.

                 1.2  Сирек қоныстанған облыстарды анықтап, әсер етуші факторларды анықта.
                 1.3 Халқы тығыз қалаларды өсу ретімен орналастыр.
              2.  Ә картасын пайдаланып, халықтың этникалық құрамына диаграмма жаса.
                 2.1 Ең көп этнос.
                 2.2 Ең аз этнос.

              3.  Қазақстанның көп ұлтты ел болуының себептерін анықта.
              4.  Қазақстан халқының діни құрамы қандай? Діни құрамның алуан түрлі болуының себептері қандай?
              5.  Қазақстанда таралған тіл семьяларының ерекшелігін сипатта.
                                                                                                                 93
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98