Page 22 -
P. 22
2.4. Қыздыру үдерісі
textbooks nis edu kz
Неліктен көктемде Табиғатта булану және конденсация үдерістерін жиі байқаймыз.
мұздар 0 С-та ериді, Таңғы тұман, бұлттар, шық – барлығы осы құбылыстардың нәтижесі.
о
алайда күзде осы Жер беті қызғанда беті буланады. Булану – заттың сұйық күйден
температурада газтәрізді күйге айналуы. Су молекулалары бу түрінде жоғары
су қатады? көтеріледі, ол су буы деп аталады. Таңертең су молекулалары бу
түрінде жоғары көтеріледі де, салқын жапыраққа немесе шөпке
кездескенде шық тамшылары түрінде конденсацияланады. Жерге
жақын қабатта су буы ауада болатын су тамшыларына айналып,
тұман түзіледі.
Булану үдерісі қалай жүреді? Заттардың атомдары мен
молекулалары үздіксіз және ретсіз түрлі жылдамдықта қозғалады.
Егер «жылдам» қозғалатын молекула сұйықтықтың бетіне шықса, ол
көрші молекулалардың тартылуын жойып, сұйықтықтан буланады да,
су буы түзіледі.
Қайнау – булану үдерісіне қарағанда су буы тезірек түзілетін
үдеріс. Қайнау кезінде сұйықтықтың бетінде және оның бүкіл көлемі
бойынша бу түзіледі.
Есте сақтаңдар!
Булану кез келген температурада жүреді, ал қайнау үдерісі тек
қайнау температурасы деп аталатын белгілі бір температурада
о
жүреді. Мысалы, судың қайнау температурасы 100 С.
Зерттеңдер
Сұйықтықтың булану жылдамдығы неге байланысты?
1. Пластинкаға үш түрлі сұйықтықтарды: күнбағыс майы, су және
спиртті тамызыңдар. Сұйықтықты бірдей көлемде жайыңдар және
бақылау жүргізіңдер. Қай тамшы тезірек буланды? Сұйықтық тү-
зетін тартылыс күштері туралы қандай қорытынды жасауға бола-
ды?
2. Тамшуырмен ақ параққа екі тамшы суды тамызып, судың бос
кеңістік ауданын арттыру үшін тамшыны жайыңдар. Қай тамшы
тезірек буланды: беттік ауданы үлкен тамшы ма, әлде беттік ауданы
кішкентай тамшы ма?
3. Дәкені сулап, термометрдің резервуарын ораңдар. 20–30 секунд-
тан кейін дәкенің температурасын жазып алыңдар. Су булана
бастайды. Термометрдің көрсеткішін бақылап, ең төменгі көрсет-
кішін жазып алыңдар.
4. Енді осы тәжірибені этил спиртін қолдана отырып қайталаңдар.
Термометрде неліктен температура төмендей бастады? Бұл үшін
қандай энергия қолданылады? (Бөлшектер теориясы тұрғысынан
булану үдерісі кезіндегі энергия өзгерісі туралы ойланыңдар
және түсіндіріңдер.)
22

