Page 41 -
P. 41

Тапсырма
               Бор, мәрмәр және әктас түйірлерін қараңдар. Не                                                     ХИМИЯ
            байқадыңдар? Олар қайда қолданылады? Қоршаған
        textbooks nis edu kz
            орта  әсерінен  уақыт  өте  келе  олардың  түрі  қалай
            өзгереді?
               Зерттеңдер
            1.  Егер жұмыртқаны сіркесуға салып, біраз уақытқа
               қойса не болады? Тіс жуатын паста жұмыртқа
               қабығын қышқыл әсерінен қорғай ала ма?
               Эксперимент жоспарын жасаңдар.
            2.  Жұмыртқа қабығын газдалған сусынға (кола)
               салып қойса не болады? Жауаптарыңды
               түсіндіріңдер.
            3.  Берілген заттардың қышқылмен қалай
               әрекеттесетінін анықтау үшін эксперимент
               жасаңдар:
               a) жұмыртқа қабығы;      в) ұлутас;
               ә) бор;                  г) мәрмәр.
               б) әктас;
            •   Әртүрлі қышқылдарды пайдаланып көріңдер:
               1) лимон;                3) сіркесу;
               2) қатты газдалған       4) тұз қышқылы.
                  сусын (кола);
            4.  Кальций карбонаты мен натрий гидрокарбонаты
               сұйылтылған қышқылдармен қалай әрекеттеседі?
               Өз бақылауларыңды жазыңдар. Қандай газ
               бөлінеді? Екі жағдайда да бірдей газ бөлінеді ме?
               Қандай карбонатпен әрекеттескен кезде газ тез
               бөлінеді?

               Көмірқышқыл  газы  –  түссіз  және  иіссіз  газ.
            Ол  газтәрізді,  қатты  және  арнайы  жағдайда  сұйық
            күйінде де болуы мүмкін. Көмірқышқыл газы ауадан
            ауыр,  суда  ериді,  жануды  қолдамайды.  Сондықтан
            көмірқышқыл  газы  өртсөндіргіште  қолданылады.
            Қатты көмірқышқыл газы «құрғақ мұз» деп аталады.
            Ол  өртсөндіргіштен  шыққан  кезде  қатты  күйден
            бірден  газтәрізді  күйге  өтіп,  сублимацияланады.
            Құрғақ  мұз  театрда,  циркте  «түтін»  немесе  «тұман»
            жасау үшін қолданылады.
               Зерттеңдер
               Өз  өртсөндіргіштеріңді  жасау  үшін  меңгерген
            білімдеріңді  пайдаланыңдар.  Карбонаттың  ұнтағын
            қолданған дұрыс па жоқ кесегін ба?


              Орындаңдар

              1.  Мынадай сөзбен жазылған теңдеуді аяқтаңдар: карбонат + қышқыл→
              2.  Көмірқышыл газын анықтауға арналған тестіні сипаттаңдар.
              3.  Неліктен өртсөндіргіште көмірқышқыл газы қолданылады?
              4.  Бір бөтелке газдалған сусынды пайдаланып, көмірқышқыл газының суда еритінін
                 қалай дәлелдеуге болады?
              5.  Қалай  ойлайсыңдар,  газдалған  сусынмен  гүлдерді  суғаруға  болады  ма?
                 Өз жауаптарыңды түсіндіріңдер.







                                                                                                                 41
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46