Page 40 -
P. 40

4.4.   Қышқылдардың карбонаттармен


                          химиялық реакциялары

        textbooks nis edu kz

                 Қалай ойлайсыңдар,                Ескерткіштер, архитектуралық құрылыстар, жартастар мен тастар
                 Египеттегі ежелгі              қоршаған орта әсеріне ұшырайды. Қышқыл жауын жартастар мен
                 пирамида қандай                құрылыстардың қатты және берік бетін бұзып, оларды борпылдақ,
                 материалдан                    әркелкі етеді. Қышқылдар көптеген күрделі заттармен әрекеттеседі.
                 салынған?                      Осындай  заттардың  біріне  кальций  карбонаты  жатады.  Олар
                                                –  бор,  әктас  және  мәрмәр  түрінде  кездесетін  кең  таралған
                                                минералдардың бірі. Карбонаттар қышқылдармен әрекеттескен
                                                кезде көмірқышқыл газы бөлінеді.
                 Сендер білесіңдер ме?             Сұйылтылған     қышқылдардың      карбонаттармен     реакция
                                                теңдеулерін сөзбен былайша өрнектеуге болады:
                                                қышқыл + карбонат = тұз + көміртек диоксиді + су.
                 •  Қазақстанда әктас
                    түрінде кальций                Көміртек  диоксидін  әк  суы  арқылы  өткізген  кезде  ерітінді
                    карбонатын өндіретін        лайланады.  Бұл  көміртек  диоксидін  анықтауға  арналған  сапалық
                    көптеген карьер бар.        реакция  болып  табылады.  Суды  кобальт  хлориді  сіңірілген  қағаз
                    Кальций карбонаты           немесе сусыз мыс сульфаты арқылы анықтауға болады.
                    жер қыртысының бүкіл
                    бетінің 4%-дан астамын
                    құрайды.
                 •  Әдетте «Ұлы пирамида»
                    деп аталатын Хуфу
                    (Хеопс) пирамидасы
                    дүниежүзіндегі ескі
                    құрылыс болып
                    саналады. Ол әрқайсысы
                    2,5 тонна болатын
                    2,3 млн әктас блоктан
                    тұрады. Оның төбесінде
                    массасы шамамен 80
                    тоннаға дейін болатын
                    алып гранит блоктар
                    бар.
                 •  Мектепте тақтаға
                    жазатын бор негізі
                    кальций карбонаты
                    емес, ол ғаныштан
                    (CaSO  • 2H O) алынатын
                         4     2
                    кальций сульфаты
                    (СаSO ) болып табылады.
                         4


























         40
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45