Page 29 -
P. 29

Өсімдік жасушаларының жіктелуі

                Ұлпа атауы        Жасушалар құрылымының          Орналасуы                Қызметі
                                        ерекшеліктері
          1. Түзуші               Жасушалар үнемі бөлінеді  Діңгек пен тамырдың   Басқа ұлпаларға бастама береді,
          (меристемалар)                                    өсу конусы, сабақтың   өсімдіктің  ұзаруын және жуан-
                  textbooks nis edu kz
                                                            камбийі              дауын қамтамасыз етеді
          2. Жабын                Жасушалар тірі, бір-біріне   Гүлдерді, жас бұтақтар
          а) эпидермис            тығыз орналасқан, лептесігі   мен тамырларды қап-
                                  бар                       тайды
                                                                                 Механикалық, температуралық
          б) тоз                  Жасушалар өлі, су мен ауа   Көпжылдық тамырлар-
                                  өткізбейді                ды, сабақтарды қаптай-  әсерлерден, микроағзалардың
                                                            ды                   енуінен қорғайды
          в) қабық                Көп қабатты; тірі және өлі   Ағаш діңін қаптайды
                                  жасушалардан тұрады

          3. Негізгі              Хлоропластары бар тірі    Өсімдіктің жасыл     Фотосинтез бен газ алмасу
          а) фотосинтездеуші      жасушалар                 бөліктері            үдерістерін қамтамасыз етеді
          б) қор жиюшы            Лейкопластары бар тірі    Түрленген өркендер,   Қоректік заттар, су және ауа
                                  жасушалар                 тұқым эндоспермасы   қорын сақтайды
          4. Тірек                Қалың қабырғалы, тірі және   Өсімдіктің әртүрлі мү-
                                  өлі жасушалардың талшықта- шелері, жапырақтардың  Өсімдіктің көлемі мен дене
                                  ры                        сағақтары мен жүйке-  пішінін ұстайды
                                                            лері, шөп сабақтары
          5. Өткізуші             Ксилема тамырлары (өлі жасу-  Өскіндер мен     Өсімдіктің барлық жеріне
                                  шалар), флоэманың елекпішінді  тамырлардың ішінде   су мен қоректік заттарды
                                  түтікшелері (тірі жасушалар)  орналасқан       тасымалдайды
          6. Зәр шығару           Үлкен ядросы бар жұқа     Өсімдік денесінде бел-  Сыртқа шығарады немесе
                                  қабырғалы жасушалар       гілі бір орналасуы жоқ  әртүрлі заттарды жинақтайды:
                                                                                 шайырлар, балшырындар, эфир
                                                                                 майлары және т.б.


          2-тапсырма    «Ұлпалардың қызметі» атты салыстыру кестесін жаса. Өсімдіктер мен жануарлардың қандай
          ұлпалары ұқсас қызмет атқарады?
             Мүше дегеніміз – ағзаның бөлігі, оның белгілі бір формасы мен құрылымы бар, ол
          белгілі бір орында орналасып, белгілі бір функцияны атқарады. Мысалы: жүрек, бүйрек,
          өкпе, өсімдік жапырағы, гүл т.б.
             Мүшелер жүйесі – құрылымы, шығу тегі және бір функцияны атқаратын ұқсас мүшелер
          жиынтығы. Мысалы: тыныс алу жүйесі, асқорыту жүйесі, өсімдіктің тамыр жүйесі.
             Ағза – бұл біртұтас тірі жүйе, ол бір бүтін ретінде қызмет атқаратын өзара байланысты
          элементтерден тұрады.

           Өзіңді тексер
           1.  Неліктен тірі ағзаны биологиялық жүйе деп атауға болады?
           2.  Сабақта үйренген терминдерге анықтама бер.
           3.  Неліктен өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы кезінде арнайы ұлпалар мен мүшелерге деген қа-
               жеттілік туындады?

          Күрделілігі жоғары тапсырма     Ағаш діңінде жыл сайын жаңа сақина пайда болады, сондықтан мұндай
          сақиналар жылдық сақиналар деп аталады. Жануарларда жылдық сақиналар бола ма?



                                                                                                         29
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34