Page 31 -
P. 31

2-тапсырма    Су – экологиялық тепе-теңдікті және су экожүйелерінің биоәртүрлілігін сақтаудың қажетті
          шарты. Судағы тірі ағзалар үшін судың қандай физикалық және химиялық қасиеттері маңызды екендігі жайлы
          ойлан.
          Биологиялық мономерлер және полимерлер
                  textbooks nis edu kz
             Мономерлер – полимер макромолекуласын түзе отырып
          бір-бірімен байланысуға қабілетті құрылымдық бірліктер.
                                                                              мономерлер
             Полимерлер – бұл қайталанатын бөлшектер, яғни мо-
          номерлер түзетін макромолекулалар.
             Сонымен, крахмал, өсімдік жасушасының резервтік қоректік заты,  полимер, оның
          құрамында қарапайым құрылымдық компонент – глюкоза бірнеше рет қайталанады.
          Бірдей мономерлерден тұратын полимерлерге гликоген, целлюлоза, хитин де жатады.





                                                                              Бірдей мономерлерден
                                                                              тұратын полимер

           Мономер – глюкоза
                                 Полимер – крахмал
          Нәруыздар – адам мен жануар ағзасының негізгі құрылыс материалы болып табылады.
          Олар биологиялық полимерлерге жатады, аминқышқылдары олардың мономерлері
          болып табылады. Көптеген нәруыздардың құрамына 20 түрлі аминқышқылдары кіреді,
          сондықтан әртүрлі мономерлерден тұратын полимер түзіледі.


                                                                              Әртүрлі мономерлерден
                                                                              тұратын полимер


               Мономер
            аминқышқылы
                           Нәруыздың полимер молекуласы

          2-тапсырма    Сахароза молекуласының құрылымын зертте (қызылша
          қанты). Бұл полимерге қанша мономер кіреді? Олардың құрылымы бірдей   Сахарозаның құрылымдық
                                                                              формуласы
          ме? Сахарозаны биополимерлердің қай тобына жатқызуға болады?

           Өзіңді тексер

           1.  Судың физикалық және химиялық қасиеттерін ата. Олар судың қатысуымен өтетін үдерістерге қалай
               әсер етеді?
           2.  «Мономер» және «полимер» терминдерін түсіндір. Биополимерлерге қандай заттар жатады?
           3.  Мысалдарды қолдана отырып, гликогеннің, целлюлозаның, хитиннің маңызы мен биологиялық қыз-
               меттерін сипатта.

          Күрделілігі жоғары тапсырма     Суға деген тәуелділігіне сәйкес тірі ағзаларды қандай топтарға бөлуге бо-
          латындығы туралы ойлан.



                                                                                                         31
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36