Page 34 -
P. 34
3.4 Мен – гистологпын
Адам ағзасы ұлпалардан тұратын мүшелерден құралады.
Ұлпалар туралы алғашқы жазбалар Аристотель, Везалиус, Адам өмір бойы көптеген
textbooks nis edu kz
жарақат алады, бірақ
Галеннің еңбектерінде кездеседі. Ол заманда адам немесе қандай үлкен жара болса
жануар ағзасынан бөлініп қалатын ұлпалар преператтау да, уақыт өте келе оның
әдісі арқылы зерттелді. Алайда ұлпаларды нақты зерттеу орнында тек тыртық
микроскоп шыққаннан кейін мүмкін болды. қалады. Бұны қалай
Гистология – тірі ағзалардың (адам, жануар және басқа түсіндіруге болады?
да көпжасушалы ағзалардың) ұлпаларын, олардың түзілуін,
құрылымын, қызметін және өзара әрекеттесуін зерттейтін
ғылым. Гистологияның маңызды бағыттарының бірі – адам
гистологиясы – адам ұлпасының құрылымын зерттейтін ме-
дицина саласы. Мұнымен айналысатын дәрігерді гистолог
деп атаймыз.
Гистолог қайда жұмыс істей алады?
• ауруханаларда;
• көп салалы медициналық орталықтарда;
• гистологиялық зертханаларда;
• ғылыми-зерттеу институттарында.
Гистолог дәрігер жұмысының ерекшеліктері
• науқастармен емес, олардың ұлпаларымен жұмыс
істейді;
• оның жұмыс орны – зертхана;
• ем емес, зерттеу қорытындысын жазады.
Гистолог мамандығы неліктен өзекті?
Онкологиялық ауру жыл сайын көптеген адамдардың
өмірін қияды. Қатерлі ісікті ерте анықтау өте маңызды, се-
бебі дұрыс және нақты қойылған диагноз науқастың өмірін
сақтап қалуы мүмкін. Мұндай диагнозды растайтын немесе
жоққа шығаратын дәрігер – гистолог.
Гистологтар көптеген адамдардың өмірін сақтап, олар-
дың сау болуларына септігін тигізе алады. Мүмкін болашақта
сен гистологтардың бірі боларсың?
34

