Page 33 -
P. 33

Калий (К)  Өсу мен даму үшін қажет. Ол жетіспеген жағдайда жапы- Натрий және кальциймен бірге жүйке импуль-
                    рақтың шеттері сарғайып, өлі дақтар пайда болады.  сін өткізуге қатысады, жүректің қалыпты жұмы-
                                                                     сын қамтамасыз етеді.
          Фосфор    Тамырлардың қатайып, гүлдер мен тұқымдардың пайда бо- Нуклеин қышқылы, АТФ, ферменттер, сондай-ақ
          (Р)       луы үшін керек. Ол жетіспеген жағдайда өсімдіктердің өсуі  сүйек, тіс эмальдары құрамына кіреді.
                  textbooks nis edu kz
                    баяулайды, жапырақтардың түсі қою жасылға айналады.
          Күкірт    Нәруыз синтезі үшін маңызды, энергия үдерісіне қатыса- Нәруыз, инсулин, В  дәрумендеріндегі күкіртті
                                                                                     1
          (S)       ды. Ол жетіспеген жағдайда жас жапырақтардың хлорозы  аминқышқылдардың құрамына кіреді.
                    пайда болады.
          Хлор      Энергия алмасу және фотосинтез үдерісіне қатысады. Ол  Ол натрий, калий, магний, кальций тұздары
          (Cl)      жетіспеген жағдайда  тамыр жүйесі азаяды, жапырақтарда  түрінде болады. Осмос қысымын реттеуге қа-
                    қоңыр дақтар пайда болады.                       тысады, асқазан сөлінің құрамына кіреді.

          2-тапсырма    Макроэлементтердің адам ағзасы үшін маңыздылығы жайлы кестені толтыр.


                 Химиялық элемент                      Кемшілігі                  Қайнар көзі (тағамдар)


             Денедегі үлес салмағы 0,001% -дан кем болатын химиялық элементтер микроэлемент-
          тер деп аталады. Оларға бром (Br), бор (B), мыс (Cu), темір (Fe), марганец (Mn), молибден
          (Mo), мырыш (Zn), йод (I), кобальт (Co), никель ( Ni), селен (Se), фтор (F) жатады. Тірі ағза-
          ларда аз мөлшерде болғанына қарамастан, микроэлементтер тіршілік үшін маңызды рөл
          атқарады. Йод қалқанша безінің гормоны – тироксин, кобальт – В  дәрумені құрамына
                                                                                    12
          кірсе, ұйқы безінің гормоны – инсулин құрамында мырыш бар. Көптеген жануарларда
          қанның тыныс алу пигменті – гемоглобин, оның құрамында темір бар. Кейбір ұлулар мен
          буынаяқтыларда оттек тасымалдаушы пигменттер молекуласында темір емес, мыс болады.


          3-тапсырма   Гидропоника дегеніміз – өсімдікті топырақ-
          сыз өсіру, бұл жағдайда өсімдік қоректік заттарды су ерітін-
          дісінен алады. Өсімдіктің өсіп, дамуы үшін оған ең алдымен
          қандай минералды заттар қажет? Ойланып жауап бер.



           Өзіңді тексер
           1.  Жасушадағы құрамына қарай химиялық элементтерді қандай топтарға бөлуге болады? Қандай эле-
               менттер жасушаның негізгі құрылыс материалы болып табылады?
           2.  Неліктен өсімдік қоқысы (өсімдіктердің жыл сайын қурап қалатын бөліктері) өсімдіктерді минерал-
               ды заттармен қамтамасыз етудің бір әдісі болып табылады? Өсімдік қоқысының зат айналымы үшін
               маңыздылығын түсіндір.
           3.  Фосфорға бай тағамдарды ата. Егер фосфордың күнделікті тұтынуға ұсынылған мөлшері 1000 мг
               құрайтын болса, ересек адам оны қанағаттандыру үшін қанша грамм қайнатылған тауық етін жеуі
               керек? (140 грамм тауық етінде шамамен 300 мг фосфор бар).

          Күрделілігі жоғары тапсырма     1. Қандай физиологиялық үдерістер
          көмегімен өсімдікке минералды заттар жеткізіледі? Заттарды тасымал-
          дауға қатысатын ұлпалар мен мүшелерді көрсет.
          2. Кейбір өсімдіктер әртүрлі минералдарды жинай алады. Олардың өсуіне
          қарай топырақтың химиялық құрамы мен қоршаған ортаның жай-күйін
          бағалауға болады. Мысалдар келтір.




                                                                                                         33
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38