Page 44 -
P. 44

4.4   Өсімдіктердің минералды қоректенуі



            Өсімдіктердің топырақтық қоректенуі
                                                                                  Тәжірибесі аз гүл өсіруші
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  қиындыққа  тап  болды.
                Өсімдік фотосинтез бары-                                          Оның қарап, күтіп жүрген үй
            сында алатын органикалық                                              өсімдіктері үнемі суарылып,
            заттардан басқа топырақтан                                            топырағы  қопсытылып,
            суда еріген минералды зат-                                            жарықтың  жеткілікті
            тарды сіңіреді. Олар нәруыз-                                          мөлшерімен қамтамасыз
                                                                                  етіледі, алайда олардың
            дар, хлорофилл, басқа пиг-                                            сыртқы  түрі  неліктен
            менттер  және  т.б.  күрделі                                          нашар? Қалай ойлайсың,
            органикалық заттардың тү-                                             бұның себебі неде?
            зілуіне қажет.
                Топырақтық  (тамыр-
            лық)  қоректену  –  бұл  то-           Тамыр арқылы су мен
                                                 минералды тұздарды сіңіру
            пырақтан өсімдік ағзасының
            тіршілік әрекетіне қажетті су мен минералды заттарды сору
            әрі сіңіру үдерісі.
                Тамыр өсімдіктің минералды қоректенуін қамтамасыз
            ететін мүшесі болып табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесі
            топырақтан минералды заттардың ерітінділерін тамырдың
            сору аймағында орналасқан арнайы жасушалары – тамыр
            түкшелері арқылы сіңіреді. Осы аймақта химиялық айна-                 Тірек сөздер
            лымдардың бірқатары жүреді, олардың нәтижесінде одан                  Минералды  заттар,  топы-
            әрі күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Олар өсімдіктің          рақтық  қоректену,  тамыр
            өсуінің реттелуін және дамуын қамтамасыз етеді. Осы қо-               түкшеcі, органикалық тыңайт-
            сылыстар жақсы ериді, сондықтан ксилема түтіктері арқылы              қыштар, қарашірік, минералды
                                                                                  тыңайтқыштар, үстеме қорек-
            тамырдан сабаққа және өсімдіктің басқа мүшелеріне кедер-              тендіру.
            гісіз жеткізіледі.

            Өсімдік тіршілігіндегі негізгі қоректену элементтерінің маңызы


             Тапсырма     Әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру барысында фермерлер алуан түрлі тыңайт-
            қыштарды топыраққа енгізеді. Қалай ойлайсың, олар бұны неліктен жасайды?
                Табиғатта өсімдіктер сіңірген минералды заттар түскен жапырақтар, бұтақтар, қылқан-
            дар, гүлдер, тамырдың тіршілігін жойған бөліктерімен топыраққа жартылай қайтарылады.
            Егістіктердегі топырақ құнарсызданбау үшін егін жинағаннан кейін тыңайтқыштарды енгізеді.
            Осындай шара топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
                Органикалық тыңайтқыштар – бұл жануартекті және өсімдіктекті қосылыстар. Топы-
            рақтағы микроағзалардың тіршілік әрекеті нәтижесіндегі органикалық тыңайтқыштардың
            ыдырауы барысында өсімдіктерге қолжетімді азот, фосфор, калий, кальций және т.б. мине-
            ралды қосылыстар түзіледі. Бұл ретте бөлініп шығарылатын көмірқышқыл газы өсімдіктердің
            көміртекті қоректенуін қамтамасыз етеді.



              44
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49