Page 40 -
P. 40

4.2   Фотосинтез үдерісінің жалпы сипаттамасы



            Фотосинтездің зерттелу тарихы
                                                                                  Өсімдік жапырақтарынан
                  textbooks nis edu kz
                Голландиялық ғалым, табиғат                                       айырылса, әрі қарай оған
            зерттеушісі – Ян Баптист ван Гельмонт                                 не болатынын болжа.
            өсімдіктер өсуінің механизміне алғаш
            зерттеу жүргізді.
                Ол талдың жас ағашын алдын ала
            өлшеп, оны өлшенген құрғақ топы-
            рағы бар кеспекке екті. Бес жыл бойы
            ван Гельмонт топыраққа ешқандай
            заттар қоспаған, тек қана ондағы өсіп
            жатқан ағашты ұдайы суарған. Одан          Ян Баптист ван Гельмонт
                                                           (1579-1644 жж.)
            әрі өсіп қалған ағашты қазып алып,
            оны және кеспектегі топырақты қайта өлшеді.
                                                                                  Тірек сөздер
             1-тапсырма    Ван Гельмонт тәжірибесі көрсетілген суретті мұқият қара.
            Өсімдіктің салмағы неше есе артқанын анықта. Ал кеспектегі топырақтың   Фотосинтез, хлорофилл, хло-
                                                                                  ропласт,  тилакоид,  грана,
            салмағы неше есеге азайды? Өзінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша   строма,  ламелла,  крахмал,
            ғалым қандай қорытындыларға келгенін болжа.
                                                                                  эндотермия лық реакция, ка-
             2-тапсырма     Ван Гельмонт өсімдіктердің өсуі олардың тек қана жаң-  ротиноидтар.
            быр суымен суарылатынына байланысты деп болжаған болатын. Ға-
            лымның ойы дұрыс болды ма?

             3-тапсырма    Фотосинтез үдерісін ұзақ жылдар бойы көптеген ғалымдар
            зерттеді. Олардың зерттеулерінің маңыздылығын топта талқыла.

            Фотосинтез үдерісінің биологиялық рөлі

                Фотосинтездің биологиялық мәні Күн сәулесінің әсерінен
            бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газы мен су) орга-
            никалық заттардың (глюкоза) түзілуінде болады. Осы үдеріс                ван Гельмонт тәжірибесі
            оттектің бөліп шығарылуымен ілесіп жүреді.

                                                          жарық
                             6СО         +    6Н О                      С Н О      +        6О
                                 2              2                        6  12  6              2
                         көмірқышқыл           су       хлорофилл       глюкоза           оттек
                             газы


                                                     Фотосинтез теңдеуі

                Жарық энергиясының сіңірілуіндегі негізгі рөлді өсімдіктердің хлоропластарында ор-
            наласқан жасыл пигмент – хлорофилл атқарады.
                Фотосинтезге қажетті су жапыраққа тамырдан сабақ арқылы келеді. Сондықтан өсімдіктің
            ылғалдың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етілуі маңызды. Судың және кейбір мине-



              40
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45