Page 41 -
P. 41
ралдардың тапшылығы жағдайында фотосинтез үдерісі Ішкі мембрана
тежеледі. Ламелла
Жапырақтар фотосинтезге қажетті көмірқышқыл Тилакоидтер
газын тікелей ауадан алады. Газ алмасу диффузия жо-
лымен лептесіктер арқылы жапыраққа және сабақтың Строма
textbooks nis edu kz
жасыл бөліктеріне өтеді.
Өсімдіктердің қорға жинақталатын қоректік заты –
глюкозадан түзілген крахмал, ол түйнектерде, тамыр- ДНҚ
сабақтарында, тұқым эндоспермінде жинақталады. От- Граналар
тек фотосинтездің жанама өнімі болып табылады және
Сыртқы мембрана
жапырақ лептесіктері арқылы атмосфераға шығары-
лады. Фотосинтез реакциясы эндотермиялық болып
табылады, өйткені жылудың сіңірілуі арқылы жүреді. Хлоропластың құрылысы
Неліктен барлық өсімдіктер жасыл
түске боялмаған?
Күн сәулесі барлық мүмкін болатын түстерден тұра-
хлорофилл а
ды: қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір, көк және хлорофилл b
күлгін түсті. Өсімдікте хлорофилден басқа әртүрлі пиг- каротиноидтер
менттер болады, олар жарық толқынының белгілі бір
ұзындығын, басқаша айтқанда жарық спектрінің белгілі Салыстырмалы жұтылу, %
бір түсін, сіңіруге және фотосинтез үдерісіне пайдала-
нуға қабілетті. Хлорофилл – өсімдіктердің хлоропласта-
рын жасыл түске бояйтын пигмент. Толқын ұзындығы (нм)
Каротиноидтер спектрдің қызғылт-сары бөлігін
сіңіреді және шағылады, соның салдарынан хлоро- Хлорофилдер мен каротиноидтер
арқылы жарықты сіңіру спектрі
пластары аз және каротині көп болатын жапырақтары
сары немесе қызыл болып көрінеді.
Зерттеу Қағаз хроматографиясы әдісін пайдаланып, өсімдік жапырағының құрамына кіретін пигменттерді
зертте.
Өзіңді тексер
1. Неліктен өсімдіктерді Күн мен Жердегі тірі ағзалар арасындағы дәнекерлер деп атайды?
2. Жасыл жапырақтың өсімдіктердің ауалық қоректену мүшесі ретіндегі рөлін анықта.
3. Фотосинтез хлорофилл қатысуымен жүзеге асады. Жарық жинағыш қызметті атқаратын басқа да
пигменттер бар. Соларды атап шық.
Күрделілігі жоғары тапсырма Өсімдіктердің 150-ден аса пигменттері белгілі. Өсімдіктердің пигменттері
туралы қосымша ақпаратты пайдаланып, ең маңызды өсімдік пигменттерінің өзіндік рейтингін құрастыр.
41

